«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: «Ақтау – зор бизнес мүмкіндіктердің қаласы»

2015 жылғы 22 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
14570 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы жұмыс сапарымен Ақтауда болып қайтты.

Тимур Құлыбаев бизнес-қоғамдастықпен кездесу кезінде, Ақтау теңіз жағасында орналасқандықтан, туризм – қала дамуындағы басымдылықтардың бірі екенін баса көрсетті. Қазақстанның бұдан басқа өңірлерінде ондай мүмкіндік жоқ.

«Туризм және даму министрлігі Үкіметте қорғап шыққан Туризмді дамыту тұжырымдамасында Маңғыстау өңірі туризмді дамытудағы басым орындардың бірі ретінде айтылған. Және де бұл Ақтау ғана емес, Кендірлі шипажай демалыс аймағы және т.б.», - деп түсіндірді Тимур Құлыбаев.   

«Қазір көлемді қаражаттың жоқтығы түсінікті, барлық қаражат, бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бағытталады. Даму институттары бар. Жобалар дайындап, солармен жұмыс жасау керек. Бизнеспен айналыстық па, кәсіпкердің де, әкімдіктің де, мемлекеттің де басын ауыртпайтындай және табыс әкелетіндей айналысу керек», - деп түйіндеді ҰКП Төралқасының басшысы.  

Тимур Құлыбаев Маңғыстау облысы үшін – бұл үлкен әлеует деп санайды. Мемлекет басшысы да осы міндетті белгілеп берген еді – бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту. Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бөлігін кеңейту жүріп жатқаны белгілі. Құрықта терминалдық қуаттылықтар құрылысы басталып кетті, жолдар салынуда, Түркіменстанға темір жол тартылды, одан әрі Иранға қарай. Автомобиль жолы да аяқталып қалды.

«Қытай Халық Республикасынан Еуропа мен Парсы шығанағына баратын бағыттардың бірі Жібек жолын дамыту туралы айтар болсақ, бұл Маңғыстау өңірі арқылы теңіз бен темір жол бойынша тасымалдаудың дамуы. Сондықтан да мұның айналасында көлік-логистикалық бизнесті қамтамасыз ететін көптеген сервистер туындауға тиіс. Сіздер жұмылуға тиіс үлкен үш кластер – бұл мұнай өндіру мен соның төңірегіндегі сервис. Мұнай өндіру маңайындағы сервис – бұл аса зор бизнес. Бұл жерде нені дамытуға болатынын қарау керек. Қызметтер аса жоғары сапада көрсетілуге тиіс», - деп ойын білдірді Тимур Құлыбаев.

Ол сонымен қатар өңірде сервистің белгілі бір деңгейіне үйреніп қалған бірлескен кәсіпорындар, шетелдік компаниялар жұмыс жасап жатқанына назар аударуды сұрады. «Бұл тікелей мұнай операциялары, бұрғылау немесе сүйемелдеу ғана емес, бұған түрлі ерітінділер, химикаттар өндірісі, басқа да түрлі қызметтерді көрсету кіреді», - деді Тимур Құлыбаев.

ҰКП Төралқасының басшысы сонымен қатар «көбінесе бір өңірдің жеткіліксіз болып жататын жағдайы кездесіп тұратынын, өз өнімін өз жерінде ғана өткізіп қоймай, ұсыныстармен басқа да өңірлерге шығуды қарау керектігін» атап өтті.

«Туризм бойынша материал дайындау қажет. Ақтау – Қазақстандағы ең әсем қалалардың бірі. Мемлекет басшысы Үкімет, әкімдік пен бизнес алдына міндет қойды. Дайындалайық. Қиын кезеңдер өтеді, біз де бейімделеміз. Мүмкіндігінше қаражат та болады және сосын қажет жобаларды біртіндеп жүзеге асыру керек. Егер бизнес үнемі келіп: «Әкел-әкел!», субсидияла, салықтан босат және т.б. сұрай беретін болса, шынын айтқанда, мұндай жағдайда серіктестік орнату мүмкін емес. Міне, сіздер әкімдік жолды салып, инфрақұрылым тартып берсін, ал қалғанын бизнес жасайды деп отырсыздар – бұл дұрыс ұсыныс. Ол адал жасалып отыр», - деп жалғады сөзін Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата Төралқасының басшысы сонымен қатар өңірде медициналық туризмді дамытуға жағдай бар деп есептейді. Мәселен, облыста жақында республика көлемінде кездеспейтін аурухана салынды. Енді бастысы – қалыпты сервисті және менеджментті жөнге салу.

«Бұл болашақта МЖӘ жүйесімен қалай жұмыс жасау керек екенін көрсетеді, себебі енді ол өз қуатымен мемлекеттік тапсырысты алып кете алады. Осы өңірден ғана емес, барлық Қазақстаннан. Туристер медициналық туризм бойынша басқа да мемлекеттерден келетін күн де алыс емес. Бұл да бизнес түрі. Қазір адамдардың Оңтүстік Кореяға жиі баратынын білесіздер. Оларда Медицина индустриясы министрлігі деп аталады. Олар қызмет көрсетеді. Сапалы қылып салды, адамдарды даярлады, жабдығы дұрыс, сервисі де үздік, ал адамдар барып жатыр. Бұл да бизнес», - деп атады Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, көптеген елдерде медициналық бизнес – ең үздіктер қатарында, себебі мемлекеттік тапсырыс та бар, сақтандыру жарналары да осында.

«Ал қазір, сақтандыру қорын құруға байланысты медицина бойынша жүріп жатқан өзгертулерді ескере отырсақ, мемлекеттік қызметтер барынша азаяды, базалық пакет те жоқ емес. Жұмыс берушілер тарапынан қосымша болатындардың барлығын сіз бен біз 5 пайызға дейін өз жұмысшыларымыз үшін төлейтін боламыз, ал олар медициналық қызметті қай жерден алатынын өздері шешеді. Зор мүмкіндіктер ашылып жатыр», - деп қорытты ҰКП Төралқа Төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер