«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге арналған «бір терезе»

2015 жылғы 08 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
16006 просмотров

Жеке меншік балабақшалар бизнестің белсене дамып келе жатқан бағыты

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жеңілдікті кредит ресімдеп, жек меншік балабақшалар ашқан кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының халқы ең тығыз орналасқан Мақтаарал ауданында балалар бақшалары тапшылығының орнын толтыруға көмектесті. Бір ғана ауданда 300 мыңнан астам адам тұратын Мақтааралда оларға деген сұраныс аса зор. Сондықтан да олар халық арасында кеңінен танымал.

«Балабақшаларды ашуға немесе кеңейтуге қаржылай қаражат – іскер мақтааралдықтардың Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына апаратын танымал өтінімдерінің бірі», - дейді Мақтаарал ауданындағы КҚО консультанты Талғат Бапаев. – «Балалардың білім беру мекемелерінің қызметі мемлекет қолдау көрсететін экономиканың басымдылықты секторларының тізбесіне кіреді. Көптеген кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, банктерден кредит алу үшін және кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандату үшін субсидиялар алу үшін кепілдемелік қамсыздандыру ретінде «Даму» Қорының кепілдігін ала отырып, балабақша аша алды».

Жетісайлық жас кәсіпкер Жан Төрегелдиева – осылардың қатарында. Ол өзінің «Жанару» балабақшасын 2013 жылы жеке қаражатына ашқан. Енді қосымша қаражат оны кеңейту үшін және балалар мекемесі ұсынатын қызметтер санын көбейту үшін қажет болып отыр. Жан идеясын жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінді.

Орталық мамандары кәсіпкердің өтіншін қарап шығып, бизнесті дамыту бойынша пайдалы ақпарат ұсынды, қаржылық талдау жүргізді және құрылатын жұмыс орындарын, сонымен қатар қажет шығындарды ескере отырып ол үшін бизнес-жоспар дайындады. Құжаттарды толығымен сүйемелдеді. Ақырында жоба «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. Жоба сомасы: 14 пайызбен 15 млн. теңге, оның 10 пайызын мемлекет, қалған пайызын кәсіпкер төлейді. Осылайша, кәсіпкер пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша және кепілдендіру бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды. Ол алған қаражатын балабақша ғимаратын күрделі жөндеуге, инвентарь, ойыншықтар мен балалар әткеншектерін сатып алуға жұмсамақшы.

Оңтүстік Қазақстанның бүгінде әрекет ететін шағын және орта бизнес өкілдерінің саны жөнінен көшбасылардың бірі болып табылатынын еске саламыз, сондықтан да мұнда кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының жұмысы өзекті. Бизнесмендер «бір терезе» режимінде қызмет алатын орталық филиалдары ОҚО барлық аудан орталықтарында әрекет етеді.

2015 жылғы маусым айынан бері Мақтаарал ауданы КҚО мамандарының күш салуымен 100  млн теңге сомасына субсидияланған пайыздық мөлшерлемемен 20 жоба мақұлданған, оның ішінде 4 – 53 млн теңге сомасына, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер