«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үндемеу ненің белгісі?

2015 жылғы 24 Тамыз
- Қызылорда облысы
15434 просмотров

Қызылорда жанындағы фермерлер жері құрылыс салу мақсатында алынуы мүмкін, бірақ билік оның мерзімін айтпай отыр

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасында отырыс өтіп, онда кәсіпкерлердің өзекті түйткілдері қаралды. Отырысқа Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Талқылау тақырыбы Ақсуат округі Қалғандария елді мекеніндегі жер болды, онда фермерлерге 2005 жылы жер телімдері беріледі деп уәде етілген еді. 20-ға жуық кәсіпкер телім алған және фермерлік бизнес жүргізуді жоспарлауда. Қалғандария қаланың жанында, сондықтан да кәсіпкерлердің халықты ет және өзге де өнімдермен қамтамасыз етуі ыңғайлы болар еді.

Алайда аталмыш жерге қажетті инфрақұрылым әлі күнге дейін тартылмаған, ал бей-берекет пайда болған қоқыс орны мен құм карьері бизнесмендер жұмысына кедергі келтіріп отыр.

Кәсіпкерлер инфрақұрылымға өз ақшаларын жұмсауға дайын, бірақ мұндағы жерді, қаланың Бас жоспарына сәйкес, құрылыс жүргізуге мемлекеттік қажет үшін алып қояды деп қауіптенеді. Кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылып жатқан телім Қызылорданың Бас жоспарына енгізілген, бірақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әлі жасалмаған. Шынымен солай ма? Жергілікті атқару органдарының өкілдері осы сауалға толық жауап бере алмай отыр.

«Бюджетте осы мақсатқа қаражат әлі көзделмеген», - дейді мемлекеттік органдар өкілдері бір ауыздан. Ғимаратты салу және инфрақұрылым тарту мерзімі де белгісіз. Билік әзірше күтуде, бизнес те болашағына алаңға толы болжам жасауда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер