«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балаларға арналған сарай

2015 жылғы 21 Шілде
- Ақтөбе облысы
11087 просмотров

Қазақстандық кәсіпкер Исламбек Сәлжанов Қобда ауданына 3 миллион теңге тұратын балабақшаны сыйға тартты

Бұл 150 орынға есептелген мектепке дейінгі мекеме. 2013 жылы халықаралық қайырымдылық қорының басшысы Исламбек Сәлжановтың қаражатына «Көркейе бер, туған жер!» акциясының аясында салынған еді. Бюджеттен бір тиын да жұмсалмаған. Нысанды тұрғызуға 320 миллион теңге бөлініп, тағы 80 миллион инфрақұрылымды жарақтауға, жабдықтар, оқу құралдарын сатып алуға және педагогтарды «Даналық әліппесі», «Монтессори» бағдарламасының элементтері бар «ELokS» арнайы әдістемелеріне оқытуға кетеді.

Мектепке дейінгі мекеменің оқытушылық және тәрбиелеуші құрамы арнайы оқытудан өткен және екі жыл бойы балаларды мектепке кәсіби түрде даярлауды жүргізіп келеді.

Балабақша сапасы мен жабдықталуы жөнінен қалалық бақшалардан озық тұр. Құрылыста экологиялық таза материалдар, энергия үнемдеуші шынылар қолданылған, бөлмелердегі жарықтандыру балалар көзіне пайдалы. Жылы еденге балалардың жалаңаяқ ойнауына да мүмкіндік беретін бактерияға қарсы линолеум төселген. Ғимарат автономды түрде жылытылады және өз ұңғымасы бар. Аулада Ресейде шығарылған балаларға арналған және спорттық алаңдар орнатылған.

Еуропадан әрбір балаға үш жинақ төсек жабыны, ыдыс-аяқ, балаларға арналған планшеттер сатылып алынған. Бөлмелерде Интернетке шығуға болатын интерактивтік тақталар бар. Шахмат ойнауға арналған жеке бөлме бар. Балабақшада балаларды орыс, қазақ және ағылшын тіліне үйретеді.

Балалар бақшасы аудан әкімдігінің өтеусіз қолдануына берілді.

«Мектепке дейінгі мекемені балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажет технологиялармен қамтамасыз еттік. Ауыл балалары қалалар мен елордамыздағы құрдастарынан артта қалмауға тиіс», - деп есептейді меценат Исламбек Сәлжанов.

«Жаңа балабақшаның арқасында аудан орталығында мектепке дейінгі жастағы балалар 100 пайыз қамтылып отыр, ешкім де кезекте тұрған жоқ. Мұнда еліміздегі балабақшаларда қолданылатын барлық жаңа әдістер қолданылады. Балалар шахмат үйренеді, логикалық ойлауларын дамытады. Қажет болып жатса, дене мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін түзету топтарын ашамыз. Бір бала үшін төлем күніне 400 теңге құрайды», - дейді Қобда ауданы білім бөлімінің басшысы Роза Шабарова.

Осынша жомарт сый үшін ауыл басшылығы Исламбек Сәлжановқа Ауданның құрметті азаматы атағын берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер