«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда: бизнеске көмек

2015 жылғы 08 Шілде
- Қызылорда облысы
12040 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлерге сервистік қолдау» компонентін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлайды.

Ұсынылатын қызмет түрлері:

  1. Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ статистикалық есеп құрастырумен байланысты қызметтер
  2. Кедендік процедуралар бойынша қызметтер
  3. Менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық процесті толық сүйемелдеу және консультация беру
  4. Заңгерлік көмек беру
  5. Маркетинг мәселесі бойынша қызметтер
  6. Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар
  7. Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер
  8. Менеджмент

Қызметтер тегін негізде ұсынылады.

Өтінімдер Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасында қабылданады. Мекенжай: Әйтеке би көшесі, 28. Сонымен қатар облыс қалалары мен аудандарындағы Өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдары жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында.

Анықтама үшін телефон: 40-08-74


Еншілес ұйымдар

Серіктестер