«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ДСҰ жағдайында отандық бизнесті қолдау

2015 жылғы 03 Шілде
13061 просмотров

Елдер дәстүрлі мемлекеттік сатып алуларды ұлттық өндірушілер мен қызметтерді жеткізушілерді қолдау тәсілдерінің бірі ретінде қолданады

«Мемлекеттік сатып алулар» деген – тәтті ұғым...

Мемлекеттік сатып алулар саласы әлемдік тауар айналымында айтарлықтай үлес алады және, Еуропалық комиссия деректеріне сүйенсек, жылына 1000 млрд еуроға бағаланады екен. Ұлттық экономикада мемлекеттік сатып алулар үлесі елдің жалпы ішкі өнімінен 10-25 пайызды құрайды. Мәселен, Еуроодақта бұл сан шамамен ЖІӨ 16%-на бағаланады.

Қазақстанда 2014 жылы жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік сатып алулар үлесі мемлекеттік сыңайлы секторды қосқанда шамамен 24% құраған. Оның ішінде 10% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұлттық компанияларының сатып алуларына келеді.

Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік сатып алулар нарығы, мемлекеттің ішкі экономиканы қолдауға бөлетін қаражатының айтарлықтай бөлігі дәл осы мемлекеттік тапсырыстар түрінде бөлінетіндігін ескергенде, бизнес үшін аса тартымды болып келеді. Ал мемлекет бүгінде төлеу қабілеті жоғары тапсырыс берушілердің бірі болып табылады.

 

Дүниежүзілік сауда ұйымындағы плюрилатеральды ұстаным

Дүниежүзілік сауда ұйымында мемлекеттік сатып алулар мәселесі ДСҰ үкіметтік сатып алулар туралы Келісімімен реттеледі. Ол плюрилатеральды келісім болып табылады. Басқаша айтқанда, аталмыш келісімге қол қою ДСҰ-ға кірудің міндетті шарты болып табылмайды.

Құжаттың кіріспе сөзбасына сәйкес, Келісім мемлекеттік сатып алулардың ұлттық нарықтарының ашылуына және аталмыш құжатқа қол қойған елдердің ұлттық жеткізушілердің қатысудың тең шарттарын ұсынуына, шетелдік жеткізушілердің кемсітуіне тыйым салуға, заңнаманың және қолданылатын сатып алу процедураларының ашықтығын қамтамасыз етуге сеп болуға тиіс.

Қазіргі күні ДСҰ үкіметтік сатып алулар туралы Келісіміне ДСҰ-ға мүше 43 ел қол қойған. ДСҰ тағы 31 мүшесі аталмыш келісімнің тек бақылаушылар ретіндегі тараптары болып табылады, ал Ресейді қоса алғанда, ДСҰ 12 елі аталмыш келісімге қосылу жөніндегі келіссөздер процесінде жатыр. 

Алайда қосылу жөнінде келіссөздерді бастау қосылуды білдірмейді. Келісімге қосылу жөніндегі келіссөздер жүргізу мерзімдері шектелмейді. Бұл дегеніміз, елдің қосылуға да, қосылмауға да құқығы бар екенін білдіреді. Мәселен, Қытай қосылу жөніндегі келіссөздерді 13 жылдан бері жүргізіп келеді, Австралия  – 19 жыл, Жаңа Зеландия – 6 жыл.

ДСҰ мемлекеттік сатып алулар туралы Келісімі (V бап) дамушы елдер үшін ерекше және сараланған режим туралы ережелерден тұрады. Бұл ұлттық қорғанысты, адамдар денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді, сондай-ақ зияткерлік меншікті және т.б. қорғаумен байланысты экономикалық талаптармен шартталуы мүмкін.

Сонымен қатар Келісімнің мемлекеттік сатып алулардың барлық түрлері мен салаларына таралмайтынын атап өту керек. Оның қолданылу саласы келісімшарттар құны, өнім түрі мен шығу тегіне қарай, сондай-ақ сатып алушы ұйымдар бойынша шектелуі мүмкін.


Әлемдік ұжымнан шет қалмай

Қазақстан биылғы жылдың соңына дейін ДСҰ 162 мүшесі болуды жоспарлап отыр. Осыған орай, Қазақстанның мемлекеттік сатып алуларды реттеу саласында ДСҰ-ға қандай жағдайларда кіретіні аса өткір әрі басы ашық мәселеге айналады.

Жалпы, Қазақстанның ДСҰ үкіметтік сатып алулар туралы Келісімге қол қоюы бұның болашақта елдегі мемлекеттік сатып алуларды жүргізу ашықтығын айтарлықтай көтеруге мүмкіндік беретіндігін болжайды. Мәселен, қандай да бір жеткізушінің заңсыз артықшылық көрсеткеніне немесе кемсіткеніне күмән туған жағдайда Келісім мүшелері ДСҰ-дағы сауда дауы процедурасына жүгіне алады.

Келісім мүшелерінің тарапынан мемлекеттік сатып алулар нарығындағы шектеулерге назар аударылуы және ДСҰ жүйесі арқылы заңсыз шешімдерін даулау мүмкіндігі мемлекеттік сатып алулар жүйесіндегі жемқорлық факторларының төмендеуі және тиімділіктің артуы үшін түрткі болуы мүмкін.

Екіншіден, Келісімге қосылу келешекте еліміздегі мемлекеттік сатып алулар құнының төмендеуіне және сапасының көтерілуіне алып келеді. Үшіншіден, қазақстандық компаниялар ДСҰ басқа елдерінің мемлекеттік сатып алулар нарығына кіре алатын болады.

ДСҰ бағалауы бойынша, Келісімнің қолданылу саласының кеңеюі нәтижесінде халықаралық бәсекелестік үшін ашық мемлекеттік сатып алулар құны ондаған есе көтерілген.

Сондықтан да Қазақстан келешекте бақылаушы мәртебесіне ие болып, аталмыш Келісімге қосылу жөніндегі келіссөздер процесін бастауы әбден мүмкін.  Алайда мұндай келісімге қол қою экономикалық қауіпсіздік тәуекелін де тудыруы мүмкін.

 

Кәдімгі протекционизм

Отандық бизнестің жаһандық және интеграциялық сынақтар жағдайында қазақстандық, әсіресе, өндірістік сектордағы компаниялар бәсекеге қабілетінің төмендігі жөнінен салмақты түйткілдерге тап болды. Сондықтан да мемлекеттік сатып алулардың ұлттық нарығы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және көтеру үшін мемлекеттік қолдаудың ықпалды құралы болып қала береді.

ДСҰ тәжірибесінде мемлекеттік сатып алулар саласындағы ұлттық жеткізушілер протекциясының ашық та, жасырын да формалары бар. Мысалы, АҚШ, ЕО және Израильде шетелдік жеткізушілерге қарсы преференциялық баға түзетулер қолданылады. Онда шетелдік жеткізушіден келген өтінім оның құны отандық жеткізуші ұсынған ең төмен бағамен салыстырғанда байқаулық өтінімнен белгілі бір пайызға төмен болғанда ғана жеңіп шыққан болып танылуы мүмкін.

Ұлттық жеткізушілерді қолдаудың жасырын формаларының бірі байқау өтінімдерін ұсынуға арналған мерзімнің қысқалығы болуы мүмкін. Ал шетелдік жеткізушілер оған шыдас бере алмайды. Сонымен қатар бұл отандық стандарттарға бағдарланған техникалық спецификациялар немесе шетелдік компаниялар үшін өкілдіктері не филиалдары болуы жайлы талап болуы мүмкін және т.б.

 

Түркияда жасалған

Түркия 1995 жылдан бері ДСҰ мүшесі болып табылады және 1996 жылдан бері ДСҰ үкіметтік сатып алулар туралы Келісімі аясындағы бақылаушы мәртебесіне ие. 

Қазірде Түркияда ұлттық заңнамаға сәйкес бизнес жүргізуге арналған рұқсат ету құжаттарын Түркияның Сауда Палатасы (ТОББ) береді. ТОББ беретін түрлі спецификаттар, лицензиялар мемлекеттік сатып алуларға қатысу процесінде отандық бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы үшін басымдылық береді.  

Мысалы, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Түркия Заңының 10 бабына сәйкес сатып алуларға қатысушыдан оның кәсіби және техникалық біліктілігін бағалау мақсатында өндіріске және /немесе өндірістік қуаттылықтарға қатысты құжаттар талап етілуі мүмкін.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Түркия Заңын түсіндіру туралы» басқа бір құжатқа, сонымен қатар Түркия тауарлары мен қызметтерін сатып алу ережелеріне сәйкес, кәсіптік және техникалық біліктілікті айқындау мақсатында жеткізуші сатып алуларды ұйымдастырушыға өндістік сипаттағы құжат ретінде ТОББ беретін кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын растайтын Индустриялық сертификат ұсынуға тиіс.  

Сатып алуларды ұйымдастырушы сонымен қатар кәсіпкердің адал ниетті жеткізуші болып табылатынын куәландыратын Құжаты жоқ қатысушыны сатып алуларға жібере алмайды. Аталмыш құжатты ТОББ арнайы сатып алуларға қатысу үшін береді.

Индустриялық сертификатты алу үшін, құрамында міндетті түрде салалық инженер болуға тиіс ТОББ сарапшылары кәсіпорын өндірісіне барады. Олар, біріншіден, кәсіпорынның бар болуына көз жеткізеді, екіншіден, ТОББ дайындаған әдістемелер негізінде өндірістік қуаттылығын бағалайды, өндірістік жайлардың болуын, сапа жүйелері, өндірісте қолданылатын патенттер, лицензиялар және т.б. бар екенін айқындайды.

Мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезіндегі түрік өндірушісін қолдауға бағытталған тағы бір құқықтық механизм алдын-ала біліктілік іріктеуі болып табылады.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Түркия Заңына сәйкес байқаудың жабық түрі сатып алулардың тағы бір түріне жатады.

Аталмыш заңға сәйкес, жабық байқау дегеніміз – өндірілуі немесе жүзеге асырылуы мамандануды және/немесе жоғары технологиялы өндірісті талап ететін тауарларды, қызметтерді немесе жұмыстарды сатып алулар болып табылады.

Жоғарыда аталған заңның 20 бабына сәйкес, жабық байқаулар әлеуетті жеткізушілерді алдын-ала біліктілікті бағалау жолымен жүргізіледі. Алдын-ала біліктілік бағалау сонымен бірге жоғарыдағы заңның 10 бабында көрсетілген біліктілік талаптарын қолдануға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Аталмыш бап әлеуетті жеткізушінің өндірістік сипаттағы құжаттарды ұсынуы жөніндегі талапты белгілейді. Ал бұл Индустриялық сертификат болып табылады.

Түркияның аталмыш заңының 63 бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алулары жөніндегі тендерлік құжаттамада ТОББ беретін отандық өдіріс өніміне сәйкестік Сертификатына ие отандық жеткізушіге 15% түріндегі шартты жеңілдікті қарастыра алады.

«Отандық өндірушіге өнім сәйкестігі Сертификатын беру бойынша түсіндірулер туралы» Түркия Индустрия және сауда министрлігі құжатына сәйкес жоғарыда аталған құжатты алу кезінде кәсіпкерде Индустриялық сертификат болуға тиіс құжаттардың бірі болып табылады.

Министрлік түсіндірулеріне сәйкес, өнімнің отандық өндіріске сәйкестік Сертификатын алу үшін жеткілікті қайта өңдеудің ең төменгі деңгейі 51% құрайды.

 

Эпилог орнына

Жаһандану және экономикалық интеграция жағдайында Қазақстанға ішкі нарықты қорғау және экономикалық саясатты бұдан әрі жүзеге асыру бойынша жаңа механизмдер мен шаралар қажет екенін мойындау қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан түрлі экономикалық интеграциялық бірлестіктердің ондаған жылдар бойы мүшесі болып келе жатқан елдердің үздік тәжірибелерін зерттеу және қолдану ерекше маңызды.

Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жаһандық экономиканың заманауи сынақтарына жауап беретін осындай тиімді механизмдердің бірі кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін жағымды институционалдық орта мен жағдай қалыптастыру болып табылады.

Нұрлан Сақуов, Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының Хатшысы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер