«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП кәсіпорыннан СТ-KZ сертификатын қайтып алды

2015 жылғы 23 Маусым
11078 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП ішкі аудит жүргізу құқына ие болды

Бұл Ұлттық палатаның СТ-KZ формасындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты қайтып алуды, күшін жоюды жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

Жақында Палата «Проммашкомплект» ЖШС шағымы бойынша «Жаңа технологиялар» Өндірістік-коммерциялық үйі» ЖШС-да ішкі аудит ұйымдастырған болатын. Екі кәсіпорын да «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ өткізетін сатып алуларға қатысады.

«Проммашкомплект» ЖШС ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы «Жаңа технологиялар» Өндірістік-коммерциялық үйі» ЖШС-ға Семей қаласында орналасқан кәсіпорынның темір жол өнімдерін (тоспалақтырғыш, крестовина, жөндеу құрамдастары) өндірумен айналысатыны көрсетілген сертификатты заңсыз берген.

Істің мән-жайын анықтау үшін ҰКП-да сараптау комиссиясы құрылып, бірқатар бұзулар анықталды. 

Сонымен, «Жаңа технологиялар» ӨКҮ» ЖШС өндірістік базасында жүрген тексеру өндірістегі технологиялық процесс бағалауының жоқтығын көрсетті. Тексеру кезінде сертификатта көрсетілген өнімдерді (крестовина, жөндеу құрамдастары, тоспалақтырғыш) кәсіпорын өндірмеген. Сақтау қоймасында сонымен қатар өнім мен шикізат, аталмыш өнімді өндіруге арналған материалдар болмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың бұйрығымен «Жаңа технологиялар» ӨКҮ» ЖШС-ға берілген СТ-KZ сертификатының күші жойылды.

Қазір сертификат күшін жойды, сонымен қатар берілген сертификаттар Тізілімі мен «NaDLoC» Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ «Қазақстандық мазмұн» интернет-порталынан алынып тасталды.

ҚР ҰКП 18.06.2015 жылғы № 111 сертификаттың күшін жою туралы бұйрығының көшірмесімен мына жерде танысуға болады.

С Реестром аннулированных сертификатов о происхождении товара формы "СТ-KZ" здесь.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер