«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда: бизнесті әртараптандырудың бірегей үлгісі

2015 жылғы 16 Маусым
- Қызылорда облысы
17458 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы негізгі қызметтерінің бірі кәсіпкерлер жобаларын қолдау және сүйемелдеу, сондай-ақ инвестициялық жобалар мониторингін жүргізу болып табылады

Бұл жолы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдері әртараптандырудың жарқын үлгілерінің бірі «Мир-2001» ЖШС кәсіпорнында болып қайтты және оның жұмысымен танысты. 

Қармақшы ауданы аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «МИР-2001» ЖШС құрылтайшысы Сейфулла Әжмолдаев өз бизнесін 2000 жылдың басында ашты. Ол жеке ісінің басында өңір тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік қызметінің бағыттарын кеңейтуге шешім қабылдайды. Бүгінде қазақстандық тұтынушылардың ғана емес, көршілес Ресей тұтынушыларының да жоғары талаптарына жауап беретін өнім ұсынады. Бұл темір бетондар, пластик бұйымдар, сондай-ақ бөтелкедегі ауыз су. Кәсіпкер аталмыш өнімді дайындау үшін тек жергілікті шикізатты қолданады.

Кәсіпорын орталығы – бетонды шағын-зауыт. Өткен жылдың тамыз айынан бері ол жерде жол-жаяужол тақталарын, сондай-ақ кеспе тастар мен ернеулер шығару жөнге салынған. Германдық жабдықтарда тәулігіне жергілікті құрылыс материалдарынан 300 шаршы метрге дейінгі көлемдегі өнім өндіріледі. Процесс автоматтандырылған. Дайын өнім кептіріліп, мұқият бақылаудан өтеді.

«Бизнестің жол картасының» барлық механизмдерін қолдандық. Астанада және Германияда білім алдық. Мемлекеттік кепілдік алдық.

Менің арманым – өнімімізді ЭКСПО – 2017 көрмесіне жеткізу. Ресейліктер өнімімізді ғарыш айлағына сатып алады. Ешқандай кедергі жоқ, бізді қаладағылар біледі. Өнім сапасы өзінен хабар береді», - деді «Мир-2001» ЖШС құрылтайшысы Сейфулла Әжмолдаев.

Кәсіпкерлер палатасы директоры Руслан Досмахановтың айтуынша, кәсіпкермен жұмыс тиісті деңгейде алға қойылған және Палата көмекті тегін көрсетеді.

«Өнім сапасы өте жоғары деңгейде, тіпті тұғырықтар Германиядан әкелінеді. Шикізат жергілікті, Қармақшыдан. Менеджмент жоғары деңгейде. Аталмыш компаниямен Ұлттық палата мүшесі ретінде белсенді түрде жұмыс жасаймыз», - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов.

Компания цехтарында және «Мир-2001» шағын зауытында барлығы 70 адам еңбек етеді. Кәсіпорын өндірісті кеңейтуді және дүкендер желісін ашуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер