«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада Іскер әйелдер кеңесі құрылды

2015 жылғы 30 Наурыз
- Қызылорда облысы
12865 просмотров

Қызылордада Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан Өңірлік іскер әйелдер кеңесі құрылды.

Шағын және орта бизнес – бүгінде экономиканың әйелдер бастамасы анық әрі көрнекі танытылған саласы; әйелдер дәл осы секторда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп жатады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осыған орай ісін бастаушы және бұрыннан нарықтан орнын тапқан кәсіпкер әйелдерге  жан-жақты көмек көрсетуге дайын екені жайлы мәлімдеді. Осы жұмысты үйлестіру мақсатында еліміздің өңірлерінде Іскер әйелдер кеңестері құрылуда.  

Жаңадан құрылған Кеңестер ауылдағы әйелдердің бизнес-бастамасын дамытуға ерекше назар аудармақшы. Осы мақсатта аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) базасында оқыту тренингтері мен семинарлары ұйымдастырылып, олардың барысында бизнесвумендер кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары, механизмдері мен шаралары жайлы, сонымен қатар нарықтағы жаңа орындар жайлы толық ақпарат алатын болады.

«2014 жыл соңына қарсы өңірдегі өзін-өзі жұмыспен қамтушы әйелдер саны 52 047 адамды құрап отыр, оның ішінде қалалық өзін-өзі жұмыспен қамтушы халық - 13 132 әйел, ауылдық жерде – 38 915 әйел, ал өңірдегі әйелдердің жалпы саны 376 855 адамды құрайды. Ауылда да әйелдердің бизнеске келіп, өздерін белсенді түрде көрсеткені аса маңызды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан бұған бар күшін салады», - деп сендірді қатысушыларды ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының Басшысы Ләззат Рамазанова.

Әрекет етуші кәсіпкер әйелдерге де консультативтік және ақпараттық қолдау көрсетілетін болады. Бизнесвумендер жобаларының экспорттық мүмкіндіктерін көтеру кеңес жұмысының жеке бағыты болмақшы. Осы мақсатта ұзақ мерзімдік ынтымақтастық үшін шетелдік серіктестерді іздеудің жеке бағдарламасы дайындалады.

Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Директоры Аида Әбиболлаева көпшілік дауыспен кеңес төрағасы болып сайланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер