«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті оқу орнында жүріп бастай беруге болады

2015 жылғы 04 Наурыз
- Қызылорда облысы
12426 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен Студенттік бизнес-инкубатор (СБИ) іске қосылды. СБИ Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің базасында ашылды.

Бизнес бойынша сабақтарға қызығушылық танытушы 25 студент іріктелініп алынып, олар бүгінде оқу оқып жатыр. Болашақта мұндай бастаманы басқа да жоғары, орта арнаулы оқу орындары жалғастырмақшы.   

Бизнес-инкубатордың міндеті – жастар арасында кәсіпкерлік қызметтің жағымды келбетін қалыптастыру, шағын бизнесті дамыту үшін бастапқы жағымды жағдайлар жасау, жастардың креативтік және инновациялық әлеуетін жүзеге асыру. 

Бизнес-инкубатор жұмысының жоспарына СБИ резиденттерінің теориялық және тәжірибелік оқуын ұйымдастыру, ісін бастаушы кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету, бизнес-жоспарлар жасау және алғашқы сатуларды ұйымдастыру кіреді.

Студенттік бизнес-инкубатор аясында студенттер бір ай бойы тегін оқып, аяқтаған соң өз бизнес-жоспарларын дайындайды. Сонымен бірге арнайы комиссия шешімі бойынша ең үздік бизнес-жоспар авторларына колледжден кеңсе жайы ұсынылады, онда интернет және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға болады. Сөйтіп, студенттер бастапқы капитал жинақтап, өз бизнесін бастау мүмкіндігіне ие болады.

«Студенттік бизнес-инкубатор шынайы еңбек нарығы жағдайында студент жастардың бейімделуіне, білім беру сапасын және болашақ кәсіби қызметте бәсекеге қабілеттілікті көтеруге арналған. Бизнес-инкубатор қызметінің соңғы өнімі нарықтық орта жағдайына жақсы бейімделген тәуелсіз кәсіпкер болып табылады», - деді Қызылорда облысы КП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанна Ысқақова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер