Германиядан үш комбайн сатып алу үшін 12 пайыздық ҚҚС төлемдері және кедендік баж салығы бойынша төлемді кейінге шегеру қажет
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 141 қаулысына сәйкес барлық салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлемеуметтік төлемдер бойынша ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері санатына жататын салық төлеушілерге 2020 жылдың 1 маусымына дейін кейінге шегеру берілді.
Қазіргі таңда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кейінге шегеруді беру және кедендік декларацияны толтыру тәртібін беру процедурасы мәселесін қарауда.
Тұтастай алғанда, мәселе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы «Кедендік баж салығын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздердің болуын және импорттық кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу туралы шешімдердің нысандарын және оларды беруден бас тарту туралы растау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттелген.
Вернуться ко всем вопросам
Связанные вопросы
Бизнесті қолдау
Біз туралы
Өңірлік кеңес
Экспорт