Жеке кәсіпкерлерге несие бойынша шегерімді қалай және қандай мерзімге алуға болады?
ТЖ кезеңінде шығын көрген шағын және орта бизнес өкілдері 2020 жылдың 15 наурызына дейін берілген банк қарыздары мен микронесиелер бойынша шегерім ала алады. Шегерім 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейін 90 күнге беріледі.
Ол үшін ШОБ субъектілері, соның ішінде жеке кәсіпкерлік қаржылық жағдайды нашарлауын растайтын құжаттар мен өтінішті беруі керек. Несиелер бойынша шегерім беру мүмкіндігін несие ұйымдары жекелей 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Өтінішті 16 наурыздан 15 маусымға дейін кез келген уақытта беруге болады. (01.04.2020 жылға өзекті ақпарат)
Бизнесті қолдау
Біз туралы
Өңірлік кеңес
Экспорт