Асыл тұқымды мал мәртебесін беруді ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар оларды тіркеу жолымен жүзеге асырады. Асыл тұқымды мал мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет, ірі қара малдың әр басына ол туылғанда беріледі.
Меншік құқығы кейіннен ауысқан жағдайда, асыл тұқымды малдың жаңа иесі туралы деректер асыл тұқымдық куәлікке енгізіледі.
Асыл тұқымды өнімге асыл тұқымдық куәлікті алу үшін нысан бойынша палатаға өтініш береді. Өтініш беруші өтініште өткізілетін малдың санын, олардың бірдейлендіру және тіркелу нөмірін көрсетеді. Өтінішті алғаннан кейін палата күнтізбелік он күн ішінде тіркеу журналында, селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық базасында тіркеу жолымен асыл тұқымды мал мәртебесін беруді жүзеге асырады және өтініш берушіге ірі қара малдың палатадағы тіркеу нөмірін көрсетіп, жазбаша түрде хабарлайды (http://mgov.kz/ob-utverzhdenii-pravil-prisvoeniya-statusa-plemennogo-zhivotnogo/).
Жауапты таппадыңыз ба? Бізге cұрақты жіберңіз, біз оған нақты жауап береміз!
Получить консультацию можно позвонив в контакт-центр НПП РК «Атамекен» 1432