Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
1. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметін тиімді құқықтық қамсыздандыру;
2. ішкі нормативтік құжаттарды, шарттарды/келісімдерді, Басқарма, Төралқа, ҚР ҰКП Съезі шешімдері жобаларын және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды сараптау;
3. ҰКП құрылымдық бөлімшелеріне консультативтік-әдіснамалық көмек көрсету;
4. еншілес ұйымдардың заңгерлік қызметтерін үйлестіру;
5. кінәрат-талап ету жұмыстарын жүргізу болып табылады.