astana-view

Департаменттер

Сатып алулар және жергілікті қамту департаменті

ШОҚАЕВ РУСЛАН ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ

Басқарушы директор-департамент директорының м.а.

Сатып алулар және жергілікті құрам департаменті сатып алулар және жергілікті құрамды дамыту мәселелері бойынша барлық өңірлік палаталармен, мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектормен, бизнес-қауымдастықпен және басқа ұйымдармен тағайындалған тәртіп бойынша өзара  жұмыс істейді.

Департаменттің негізгі  функциялары:  

  1. Сатып алуларды және жергілікті құрамды дамытуға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара әрекет жасау,
  2. Мемлекеттік сатып алулардың, квазимемлекеттік сектордың, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары және жергілікті құрамның ахуалы туралы сараптамалық есептер әзірлеу, жергілікті құрам, оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласы бойынша іс-шаралардың мемлекеттік бағдарламаларына мониторинг жүргізу;
  3. Жасалған халықаралық уағдаластықтарды есепке ала отырып тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргізу,
  4. Заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау,
  5. Жергілікті құрам және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттарды сараптамадан өткізу,
  6. Сатып алулар және жергілікті құрамның үлесін арттыру саласындағы қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге сараптамалық зерттеулер жүргізу,
  7. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуына байланысты қолданыстағы құқықтық база мен шарттарды талдау, ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу кіреді.

Департаменттің міндеттері:

  • Мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың сатып алулары, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласында ашықтықты, жариялылықты көтеру;
  • Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алуларға, квазимемлекеттік сатып алуларға, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына әділетті және бәсекелестікпен қатысуы үшін жағдай жасау;
  • Тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті құрамның үлесін арттыру;
  • Кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, жер қойнауын пайдаланушылармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. 

1. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы»;

2. Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы»;

3. Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»;

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығы «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығы «Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы»;

7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығы «Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы»;

8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы»;

9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 49 қаулысы «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы»;

10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 322 қаулысы «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы»;

11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 606 қаулысы «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы»;

12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 893 қаулысы «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы»;

13. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 291 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 192 бірлескен бұйрығы «Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы».

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер