«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық жеке балабақшаларға 300 млн.теңге қаржысы төленетін болды

2018 жылғы 22 Қазан
- Қызылорда облысы
2849 просмотров

Бұл жағымды жаңалықты «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының директоры Наталья Мишукова жеткізді.

Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғауда ұзақ мерзімге созылған мәселелердің бірі – мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметіне қатысты болды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық білім бөлімі 206 жеке балабақшаға 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметі үшін төленетін субсидия бойынша 558 млн.теңге қарыз болып, мерзімінде төлей алмады.

Бұл мәселе қала, облыс басшылары мен прокуратура органдарында, мәслихат, Парламент депутаттарының алдында да бірнеше рет көтерілді.

Өз кезегінде, Қауымдастық филиалының директоры Наталья Мишукова: «Біздің облыс «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамтамасыз еткен өңір. Алайда, өткен жылдан бері салада шешілмей тұрған мәселе бар. Қызылорда қаласындағы 206 жеке балабақша 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларына мемлекеттен бөлінген субсидияны ала алмады. Бұл кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметкерлеріне, салық органдарына, өзге де ұйымдарға қарыз болып отыр. Кей кәсіпкерлер қызметкерлеріне уақытылы айлығын төлеу үшін несие алуға да мәжбүр болды. Мәселенің шешілуіне қолдай көрсетсеңіздер», - деп барлық инстанцияда мәселені көтеріп келді.

Жақында Кәсіпкерлер палатасына «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы басшылығынан хат келді.

Хатта Наталья Мишукова: «Қызылорда қаласындағы жеке балабақшалардың 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметіне қатысты мәселе оң шешілгендігін жеткіземіз.  Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 9 айдан бері осы мәселенің басы-қасында болып, үлкен қолдау көрсетті. Нәтижесінде қалалық бюджеттен 300 млн.теңге қаржы бөлініп, жеке балабақшаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңызға алғысымызды білдіреміз!», - деп жазған.

 Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бойынша Палатаға  134  өтініш түсіп, оның 66-ы немесе 49,2  пайызы оң шешілді.

Нәтижесінде бизнес өкілдері 982,8 млн.теңге қаржысын сақтап қала алды. Оның ішінде қаржының 73 пайызы орта кәсіпкерлік субъектілерінікі болса, 27 пайызы шағын бизнестікі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер