«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Кеме тұрғызғысы келгенімен, қайыққа айналып кете береді» – Байжан Қанафин

2018 жылғы 16 Шілде
6023 просмотров

Астанада шілденің басында «Отандық IT-шешімдердің ақпараттық күні» көрмесі мен «Қазпочта» АҚ жаңа цифрлық кеңсесі ашылды. Онда Бас директоры және «Атамекен» ҚР ҰКП IT-кеңесінің мүшесі Байжан Қанафин жасанды интеллект қойылған София роботын таныстырды. Бизнесмен ақылды роботты Қазақстанда қалай қарсы алғаны, шетелдік нарыққа жуғы жоспарлары жайлы баяндады.

– Қазақстанға адамға ұқсас роботты алып келдіңіздер, оның танысытырылымында қызықпаған жан қалмады. Ол өзі қандай робот?

Оны гиноид, робот София деп атайды. Ол әлемдегі ең озық жасанды интеллект салынған бірінші робот. Бұл бір ғана артықшылығы емес, ол адамның 60-қа жуық эмоциясын келтіретін алғашқы робот. Адам тәрізді робот жасау үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Жасанды интеллект, оның семантикасы әзірше ағылшын тілінде жақсы жұмыс істейді. Роботты стратегиялық серіктесімізбен бірге жеткіздік. Біздің компания «Қазпочта» АҚ өзінің post-кеңсесін ашу аясында бірлесіп көптеген жобаны іске қостық, оның жұмысы роботталған болады. Қазпочта Софияны таныстырды. Роботтың айналысында дүрліккен жұрт көп болды. Ең қызықтысы, София азаматтық алған бірінші робот, ол Сауд Арабиясының азаматы. Көптеген танымал адамдармен, саясаткерлермен кездеседі, таяуда Ангела Меркельмен кездесті. Софияға қызығушылық зор, әрине біз экраннан көріп үйренген роботтан әлі де алшақ. Әлі орысша сөзді толық синтездей алмайды, көп жұмыс істеу керек. Алда прогресс тұрғаны анық, уақыт керек, біз әлі роботтармен еркін сөйлесетін боламыз.

– Әр кездесуде «Сыбайлас жемқорлықпен не істеуге болады? Роботтар әлемді жаулай ма?» деген сынды сауалдар қойылады. Қазақстан азаматтарын не қызықтырды?

– Иә, өте көп сауал қойылды. Алғашқы сауалдың бірі «Девальвация бола ма?». Одан кейін Қазақстанда цифрландыру қалай жүретіні сұралды. София Арабияның азаматы болғандықтан, гиноид біздің еліміздің азаматтығын ала ма деп сұралды. Еркек робот жасағанын, қазаққа келін болғанын қаламай ма деп сұрағандарда блды. Кез келген жасанды интеллект секіді Софияда да білім базасы бар, интернетке қосылған. Жасанды интеллект деген не? Сауал қойғанда бағдарлама әр сөзді синтездеп, оның мәнн ұға алатындай болуы керек. Содан кейін нені сұрап тұрғанын түсініп, интернеттен іздеп, жауап беруге тырысады. Қазақстанның астанасын атады, кез келген энциклопедиялық сауалға еш қиындықсыз жауап береді.

Біз таң қалдық, бірақ біздегі  ұлттық компанияларда шынымен де ірі клиенттер өте көп

– «Documentolog» ЖШС «Қазпочтаның» бұрыннан келе жатқан серіктесі, енді «Қырғыз почтасы» ММ серіктесі болдыңыздар. Мұндай келісімге қалай келдіңіздер?

– ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевпен болған кездесудің бірінде көршілес елдерге road-шоу жасаса жақсы болар еді деген ұсыныс айтылды. Бұл бірден келісімшарт жасап, ынтымақтастық орнатылмаса да, көрші мемлекеттерге отандық компанияларды таныстырудың жақсы мүмкіндігі. Осы идеяны Асқар Жұмағалиев қолдап, бір айдан кейін Бішкекке алғашқы сапарды жасадық. Қазақстан 60 компанияны таныстырды, бұл өте жақсы көрсеткіш. Әріптестермен тимбиллдинг өткіздік. Ең бастысы, екі үлкен меморандумға қол қойдық. ЭЛТЕКСАЛАТАУ мен «Қырғызтелеком» ынтымақтастық туралы меморандум жасады, ал біздің компания «Қырғыз почтасы» ММ келісім қатынасына қол қойды. Барлығы да тамаша өтті. «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық  холдинг» АҚ ұйымдастырды. Біз «Қазпочтамен» жасаған жобаларды таныстырдық. Жұмысымызды көрген Қырғыз почтасының тарапы бірден әрекет жасады. Таңғы 5-те меморандум дайын болды. Көрші ел үшін бұл жүзеге асырылуы тиісті әлеуетті жоба.

– Бұл ынтымақтастықтан не күтуге болады?

– Бұл басқа ел, біз үшін жаңа нарық пен инвестиция. Бүгінде Қазақстанның ұлттық компанияларының көбі біздің платформамызда жұмыс істейді, осыны Қырғызстанда да қайталаудың мүмкіндігі зор. Көршілес нарық біз үшін ашық, бәсекелестік мүлдем жоқ. Қырғызстанда таныстырылымға 10 минут қана берілді. Бағдарламаның техникалық тұстарына бойламау керек деп шештік. Клиенттерді санап, бір слайдта құжаттаманы қолданатын компанияның активтерін көрсеттік. Нәтижесі айтарлықтай ауқымды болды, ЖІӨ 62% – 80 млрд долларды құрады. Біз таң қалдық, бірақ біздегі ұлттық компанияларда расымен де ірі клиенттер көп.  «Documentolog» компаниясы үшін осы маңызды инввестициялық жоба болады. Қазірі таңда Өзбекстанға осындай сапар жасауға дайныдық жүріп жатыр. Кәсіпкерлер ынталы. Егер Қырғызстанда ауқымды қаржы жоқ, еркін ақша мәселесі өзекті болса, Өзбекстан әлдеқайда бай мемлекет. Бұл біздің әлеуетті клиент. Бүгінде басымдықты дұрыс қойып, серіктестерді таңдау маңызды. Компания бірден екі кеменің басын ұстағанды қаламайды. Қырғызстанға барғанда Қазақстанның сынаған, қателескен тұстарынан бірден өтіп кете алатынымызға мүмкіндік зор екенін, бірден біздің елдің тәжірибесін қолдануға болатынын айттық

 

Кеме түрғызғылары келгенімен, шегініс жасауға тура келеді де, қайыққа айналып кетеді. Ал қайықтың қажеті жоқ.

 

– Қазақстанда цифрландыру жүріп жатыр, ТМД елдерімен цифрландыруды енгізу процесіндегі қарқынмен бірдей ме?

– Ішкі процестерді автоматтандыру жағынан қарағанда біз ТМД елдерінің ішінде алдамыз.Қазақстан бұл бағытта өте жақсы жұмыс атқарып отыр, бізде құрылысы жағынан дұрыс шешімдер көп, электронды үкіметте аз уақытта ала алатын көп қызмет енгізілген, барлық процесс ашық түрде жасалады. Прогресс бар екені айқын. Ал отандық компаниялар жағынан қарайтын болсақ, біз көрші елдерден әлдеқайда арттамыз. Беларусьта төрт стартап бар, бірақ оның шарты басқаша. Ақша бар кезде дайын шешімдерді сатып алуға айналдыратындар көп, біз соны орындаймыз. Беларусьта ақша ешқашан болмаған, олар басқа жолды таңдады. Мемлекет өзін автоматтандырмады, бірақ отандық компаниялардың дамуына қолайлы жағдай жасады. Бүгінде оларда экожүйе қалыптасты, онда  IT-компаниялардың тіркелуі де, шетелдік нарыққа жұмыс істеу де тиімді. Беларусь компаниялары батыстық стандарттармен жұмыс істейді, енді үкімет оларға тапсырыс беруі қымбатқа түсіп отыр. Адамдар IT-маманы болу беделді әрі қызметақысы жоғары екенін түсінді. Сондай-ақ отандық компанияларды дамыту мәселесін де көтердік.

– Қазақстанда отандық компаниялардың қуатын арттыру үшін не істеу керек?

– Менің субъективті пікірі:м отандық компаниялардың қуатын арттыру үшін қолдау керек. Беларусь, Ресей және Қазақстан – ЕАЭО-ға мүше бәсекелес мемлекеттер, мен компания ретінде Беларусь елінде тіркеліп, салық бойынша тиімді шартқа ие бола аламы. Бәрімізге мәлім, бизнес қай жерде жағдай жақсы болса, сол жаққа кетеді. Қазіргі таңда барлығы адами капиталды дамыту, отандық компанияларды қолдау қажеттілігі туралы айтып отыр. Бір дүниені сатып алғың келген кезде патриотизм туралы ойламайсың. Бастысы – сапалы өнім алу, себебі қаражат бар. Бізде де батыс компанияларының саны басым. Шынайы қарау керек, бізде тапсырыстың 90%-ы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторға тиесілі. Бірақ Қазақстан алда келе жатыр, Мемлекет басшысы IT-технологияны дамытуды жиі көтеріп келеді. Біз жаңа нәрсе ойлап табудың соңында жүреміз. Ірі стартапқа ауқымды инвестиция, экожүйе керек, осы бағытта дамуы әлі де қиын. Кеме түрғызғылары келгенімен, шегініс жасауға тура келеді де, қайыққа айналып кетеді. Ал қайықтың қажеті жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер