«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірде салық талапатары неге түрлі?

2018 жылғы 02 Наурыз
- Алматы қаласы
4873 просмотров

Бұл мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі кәсіпкерлердің республикалық ІІ форумы барысында көтерілген болатын

Кәсіпкерлердің айтуынша салық қызметкерлері нақты қызмет көрсету фактісіз немесе тауар жеткізусіз жасалған мәмілелерді  заңсыз деп тануда. Бұл салық төлеуден жалтару күдікпен қылмыстық қудалауға ұшыраған заң тұлғалары контрагенттеріне қатысты.   

 «Заңнама бұл мәмілелерді сотты деп тану институтын жарамсыз деп белгілейді, алайда кейбір өңірде мұны қолданып жатқан жоқ. Әр өңірде салық органдары өздерінің критерийлеріне сүйенеді. Форумда сөз сөйлеп, шынайы экономикалық мазмұны жоқ мәмілелерді тиісті соттарға беру арқылы жарамсыз деп танудың бірыңғай тәжірибесі жоғын шешуді сұрадым. Маған өңірдегі салық органдары мәмілелерді өзінше заңсыз деп тануға құқылы деген жауап берілді. Осында тағы бір сұрақ туады. Салық төлеушілерге қаржылық-шаруашылық опарацияларды өздігінен шешім қабылдаудың негізгі критерийлерін орындау үшін берңіздер. Бұл бухгалтерлік, көлік және т.б. құжаттардан басқа», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов.

Оның айтуынша түрлі қалалардағы салық органдар түрлі әрекет жасайды. Олардың біліктілігін кім бақылап отыр? Егер кәсіпкер тауарды өткізу немесе қызмет түрлері болса опреация орындағн болса, ол үшін сәйкес мамандар болу керек. Бұл бір өңірдегі көрініс, келесі өңірде мүлде басқа жағдай.

 «Бізге негізгі критерийлер беріңіз, біз солардың неігзінде жұмыс атқарамыз. Бизнес те жеткізушілермен шарт жасамас бұрын осы ережелерді талап етіп отырады. Мәселен, 2-3 жылдан кейін менің контрагентім салық төлемегені үшін істі болып қалса, менен де корпоративті табыс салығы мен ҚҚС бойынша төлемдерді алып тастамау үшін осындай шаралар қажет. Мен бұл салықты екі рет төлемеуім керек. Бұл мәселе бойынша толымды жауап жоқ», – деді Юрий Тілеумұратов.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәмілелердің дұрыс, бұрыстығын нақты белгілейтін арнайы критерийлерді қабылдау үшін кәсіпкер осы сұрақпен «Атамекен» ҚР ҰКП-ға өтінім жасамақ.

 Юрий Тілеумұратов бизнес өкілдері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың мемлекеттік органдар қызметін автоматтандыру бойынша бастамаларын қолдайтынын айтты. Кәсіпкерлердің пікірінше Бұл үдеріс сыбайлас жемқорлықты азайтады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер