«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

217 млн теңге кәсіпкерлер қазынасында

2017 жылғы 07 Тамыз
- Қызылорда облысы
1942 просмотров

Қызылордада 6 айда 150 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Ерлан Әбдікеров айтты.

Ерлан Әбдікеровтің айтуынша, Палатаға жыл басынан бері бизнес өкілдерінен 97 өтініш түскен. Нәтижесінде 48 өтініш оң шешіліп, 150-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің араласуымен биылғы жылдың 6 айының өзінде кәсіпкерлердің 217 млн.теңгесі сақталып қалды және 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Түскен шағымдардың 22 пайызы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметіне, 22 пайызы квазимемлекеттік орган қызметіне, 18 пайызы жер қатынастары, 10 пайызы салық салаларына қатысты», – дейді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы.

Ерлан Әбдікеров оң шешілген мәселелердің маңыздыларына да тоқталып өтті.

- «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда облысиық филиалы тарапынан кәсіпкерге салынған 25 млн.теңгеден астам айыппұл жойылған;

- ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облыстық департаменті тарапынан кәсіпкерге салынған 37 млн.теңге айыппұл жойылған.

«Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік орган өкілдері: көші-қон полициясы қызметкерлері, Арал ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы мен бас маманы, Арал ауданының жергілікті полиция инспекторы. Бұл азаматтарға «атқарып отырған лауазымына сәйкес емес», «сөгіс», «ескерту» берілді», ­– деп атап өтті Ерлан Әбдікеров.

Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерімен жыл басынан бері «Атамекен» ҰКП-на қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты 20 ұсыныс жолданған.

Егер кәсіпкер ретінде құқығыңыз бұзылған болса онда Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері Сізді қорғауға әзір. Ол үшін 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі нөмір: 4319/ байланыс телефонына хабарласуыңызға немесе Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі 28 мекен-жайда орналасқан Кәсіпкерлер палатасына келіп, өтініш қалдыруыңызға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер