«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шаруа өз жерін қорғап қалды

2016 жылғы 18 Сәуір
- Қызылорда облысы
9430 просмотров

Қызылорда қаласында сот шешімімен шаруа қожалығының құны 73,7 миллион теңге болатын 1525 гектарлық жер телімі иесіне қалдырылды

Бұл туралы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалының директоры Рысбай Нысаханов мәлімдеді. Мұндай нәтижеге кәсіпкерлерді қолдау орталығының сервистік қызмет көрсету шеңберінде қол жеткізілген.

Филиал директорының айтуынша, Кәсіпкерлер палатасына «Байсын» шаруа қожалығының басшысы көмек сұрай келген.

Мәселенің мәні мынада: Қызылорда облысы Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы 2013 жылы Шиелі ауданында ауылшаруашылық жерлерін түгендеумен айналысқан.

Шараны жүргізу барысында, жер телімін мақсатсыз пайдалану дерегі анықталады. Бұл туралы шаруа қожалығының иесі хабардар етіліп, жерді күшпен алу туралы сотқа талап арыз берілген.

Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Шиелі аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшісі Ерлан Құлшықбаев сотта шаруа қожалағының «қорғаушысы» қызметін атқарды.

Сот отырысында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі «Байсын» шаруа қожалығының жер телімін мақсатты түрде пайдалануы мүмкін болмағанын дәлелдеп берді.

Нақтырақ айтар болсақ, мемлекеттің балансындағы «Қамыстықақ» арығы қараусыз қалғандықтан, егістікті суаруға шаруаның мүмкіндігі болмаған. Жерді суаратын арық 2008 жылдан бері тазаланбаған. Оған қоса, су құрылысы бойымен созылып жатқан 20 метрлік науа істен шыққан. Сол себепті шаруа қожалығының жері пайдаланусыз тұрып қалады. Алайда, 2015 жылы 43 шақырымдық арықты тазалау жұмыстары басталып кетті. Ол жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп күтілуде.

Сот отырысында Палата кеңесшісі сотқа ҚР Жер кодексінің заңнамалық нормаларына негізделген дәйекті дәлелдер келтірді.

Нәтижесінде, құны 73,7 миллион теңге болатын 1525 гектарлық жер телімі шаруа қожалығы иесінің атына бекітілді.

Айта кетерлігі, шаруа қожалығының егіс алаңын игеруге барлық мүмкіндігі (егістікке қажетті техника, тұқым мен жұмыс күші) бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер