«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Александр Самойлов: «Ауыл шаруашылығы кооперациясының баламалары көп емес»

2016 жылғы 28 Наурыз
12310 просмотров

Өткен жылдың желтоқсан айында ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң күшіне енген.

Бұл отандық агроөнеркәсіп кешеніне қандай пайда әкеледі? «Атамекеннің» ауыл шаруашылығы кооперативтерін жандадыруды қолға алуының себебі неде?

Осы тұрғыда аталған мәселе бойынша өз ойымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы Төрағасының кеңесшісі Александр Самойлов бөлісті.

Бірлесу – тиімді

ҰКП Басқармасы басшысының көмекшісі атап көрсеткендей, ауыл шаруашылығы өндірушілері бизнес көлемі аз болса да, көп болса да кәсіпкерлер болып саналады.

«Кәсіпкерлік ортаны жетілдіру мен дамытумен ҰКП айналыспағанда, кім айналысады? Оның үстіне «Атамекен» жұмыс істеп тұрған институт ретінде әр өңірдегі 16 өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің 188 орталығы арқылы республикамыздың барлық аймақтарын қамти отырып, бірқатар басымдықтарға ие. Нарық қатысушыларының жалпы санының кемінде 35 %-ы АӨК үлесіне тиеді (ескерту, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ЖК-сіз), өз кезегінде бұл оны экономикаға қатысушы субъектілердің саны жағынан көшбасшылардың бірі етеді және осы санаттағы кәсіпкерлерге қатысты нәрсенің бәрі бізді алаңдатады»,– дейді Александр Самойлов. – Ретро стиліндегі «қайта өркендеуге» келер болсақ, біз кооперацияға біршама өзгеше көзарас тұрғысынан қараймыз. Кооперация ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы тиімсіздікті жеңу құралдарының бірі болып табылады. Онда шамамен 8 мың заңды тұлға, 180 мың шаруа және фермерлік шаруашылықтар мен азаматтардың 1,5 млн-нан астам жеке қосалқы шаруашылығы болатын АӨК субъектілерінің құрылымын қарастырудың өзі жеткілікті. Соңғыларының жалпы ауыл шаруашалығы өніміне қосқан үлесі салыстырмалы түрде алғанда 50 %-дан сәл төмен, ал ет өндірісі бойынша, мысалы 62%, сүт өндірісі бойынша – 80 %-ды құрайды».

Оның пікірінше, мұндай құрылымға ие бола отырып, заманауи технологиялар, инновацияларды қолдануға қабілетті, экспорттық әлеуетті бұлжытпай өсіре алатын жоғары тиімділікке ие осы күнгі ауыл шаруашылығын жүргізу туралы айту қиынға соғады.

«Дәл осы санатқа (ЖҚШ) жылына 1000 доллар шамасындағы ең төменгі еңбек өнімділігі де тән, бұл өз кезегінде бәсекеге қабілетті өндіріске қажетті деңгейден ондаған есеге төмен. Кооперативтер құру шаруаларға шешімдер қабылдау кезінде дербес түрде әрекет ету құқығын сақтай отырып, жеке мүлкін басқару және иелік ету, тұтынушылармен келіссөздер жүргізуге қатысу немесе оның шикізат, техника, асыл тұқымды мал сатып алу және бірлесе отырып жаңа технологиялар екендігіне байланыссыз қандай да бір жалпы экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Осы кооперативтердің басым көпшілігінің әрі қарай қызмет етіп, жақын уақытта өндірістің индустриялық, тиімділігі жоғары орта және ірі кәсіпорындарға айналатындығына үмітіміз мол. Бұл жол оңай болмағанымен, түбінде болатын нәрсе деп ойлаймыз»,–дейді ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

Барлығы – заң бойынша

Шаруалардың кооперативтер құру процесін барынша жеңілдету үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қандай шараларды қолға алды?

«Заңды әзірлеу кезеңінде біз ауыл шаруашылығы өндірушісінің алдында тұрған тосқауылдарды анықтау ісіне белсенді түрде қатыстық, халықаралық тәжірибені, оны бізде қолдану жағдайлары мен мүмкіндіктерін зерттедік. Шаруалардың өздерінің пікірлерін ескере отырып біздің Хатшылықтармен жасап шығарылған кеңестер «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңның жаңа редакциясының негізін қалады»,– деп атап өтті А.Самойлов.

Оның сөзіне қарағанда, тауар өндірушілерін біріктіру жолында кездескен басты кедергілердің бірі бұрынғы ауыл шаруашылығы коопертивтерінің коммерциялық ұйымға жатпайтындығы себебінен туындаған. Тиісінше, оларда пайданы кооператив қатысушыларының арасында бөлу мүмкіндігі болмаған. Сонымен қатар, кооперация қызметкерлеріне салық салудың ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылатын жеңілдікті режимдерін қолдануда шектеу қойылған. Олардың субсидиялар және мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін алу мүмкіндіктері де шектеулі болған. Ауыл шаруашылығы қызметін реттеу заңдар мен заңды нормативтік актілер санының көптігімен де күрделене түскен. Белгілі бір деңгейде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін реттейтін кемінде бес заң болған. Осының барлығы шаруа қожалықтарын ірі және орта тауар өндірістеріне біріктіруді дамытудың көптеген елдерде тиімді болып отырған экономикалық үлгісінің Қазақстанда таныта алмауына әкелді.

«Ауыл шаруашылығы кооперациялары туралы» заңның жаңа редакциясындағы кедергілер жойылды. Енді ауыл шаруашылығы кооперативі коммерциялық ұйым мәртебесіне ие. Оны тіркеу үшін үш қатысушының болуы жеткілікті. Бұрын болмаған бір ерекшелік, кооператив құруда заңды тұлғалардың қатысуына жол беріледі. Кооператив қатысушыларының арасында пайданы бөлуге рұқсат берілген. Белгіленген шарттарды сақтау жағдайында субсидиялар алуға болады. Және, біздің ойымызша, ең бастысы ауыл шаруашылығы кооперативін басқарудағы ең маңызды және демократиялық қағида – үлес пен салымның көлеміне қарамастан, «бір қатысушы-бір дауыс» қағидасы бойынша дауыс белгіленді. Біздің ойымызша, бұл өз кезегінде ауылда жаңа әлеуметтік қатынастардың дмауына оң ықпал етеді, бұл ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді түрде дамуында маңызды рөл атқарады. Кооперация біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріміз соңғы онжылдықта жұмыс істеген әдеттегі қалыптан шығуға мүмкіндік тудырады, еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға негізделген ортақ күштерді біріктіруге жаңа серпін береді»,– деп түйіндейді Александр Самойлов.

Алғашқы «қарлығаштар»

Заңды жасап шығару бір мәселе болса, екінші мәселе – кооперативтер құру процесіне белсенді түрде ықпал ету. ҰКП Басқарма басшысы кеңесшісінің мәліметіне сүйенсек, Ұлттық палата кооперацияны дамытудың түрлі бағыттары бойынша жұмыс істейді.

«2015 жылдың желтоқсан айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен сынама кооперативтерін құру және сүйемелдеу бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылған. Бүгінде олардың саны 10-ға жеткен, түрлі өңірлер мен түрлі бағыттар бойынша – бұл тікелей өткізу желісіне шығу арқылы сүт өндіру және оны қайта өңдеу, ет, май өнімдері өндірісі, көкөніс өнімдерінің өндірісі, бал өндірісі, қой шаруашылығы және т.б. сынама кооперативтерін сүйемелдеудің аясында оларды құрудың практикалық тәсілдері жасап шығарылады, қаржы-экономикалық үлгілеріне талдау жасалады, қатысушылар арасындағы арақатынастар механизмдері, құрылып жатқан кооперативтердің қажеттіліктерін қаржыландыру көздері және кооперация процесінің тиімділігі мен ауқымдылығына ықпал ететін өзге де аспектілер зерттеледі. Сынама кооперативтерімен жұмыс нәтижесінде қол жеткізілген тәжірибе тұтастай елдің деңгейінде таралатын болады. Сондай-ақ біз АШМ мен бизнес қауымдастығымен бірлескен іс-әрекеттер арқылы субсидиялар ұсынудан бастап «ҚазАгро» дамыту институттарының қызметі аясында қаржыландыруға дейін ауыл шаруашылығы кооперацияларына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша қажетті өзгертулер жасалып, қолданылады деп ойлаймыз»,– дейді А. Самойлов.

АШМ-мен бірлескен топтан бөлек, 2016 жылы ҰКП-ның өңірлік палаталары тауар өндірушілермен кооперация туралы заңды, оның артықшылықтары мен болашағын түсіндіру мақсатында тауар өндірушілерімен 130-дан астам кездесу өткізілген. ҰКП-ның тікелей қатысуымен 2016 жылдың екі айдан сәл-ақ астам уақыты ішінде 1200 қатысушының басын біріктіретін 50-ден астам кооператив құрылған және нәтижелері үлкен сенім арттыратын бұл процесс әлі де жалғасын табуда. «Ең алғашқы аралық мақсат ретінде біз ҰКП-мен бастапқы 100 кооперативті құруды көздеп отырмыз. Оған ағымдағы жылдың ортасында-ақ қол жеткіземіз деген ойдамыз. Ал тұтастай алғанда, 2016 жылдың соңына қарай елімізде жүздеген ауыл шаруашылығы кооперативтері болады деп сенеміз»,– деп сенеді А. Самойлов.

Осылайша, оның сөзіне қарағанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенді түрде атсалысуының арқасында өңірде қазірдің өзінде Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Аралтоғай ауылында «Рахат +» кооперативі тіркелген. Ол жалпы мал басы 600 ірі қара малды құрайтын жеке қосалқы шаруашылығы бар 55 қатысушыны біріктіріп отыр. ҰКП-ның белсенді түрдегі қолдауының көмегімен жайылымдар үшін 5 мың гектар жер бөлу туралы шешім қабылданып, қоныстандыру шаралары басталған. Артезиан су көздерін бұрғылауды жүзеге асыратын мердігер таңдап алынған. Бұны жаңа кооперативтік қозғалыстың «алғашқы қарлығышы» десек те болады.

«Жалпы, біздің бағалауымыз бойынша Ақтөбе облысында кооперация құрудың болашағы зор. Тек бір ғана – етті ІҚМ өсіру мен тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша ондаған кооперативтер болуы мүмкін. Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарында 137 ауылдық елді мекендердің әрқайсысында 500 және одан да астам ІҚМ басы бар. Бұл ЖҚШ арасындағы кооперация үшін де және тұқымдық түрлендіруді қамтамасыз ету үшін де, малды әрі қарай өткізу кезінде тиісті түрде ветеринарлық күтім жасау үшін де жақсы мүмкіндік болып табылады. Бұл – онда біздің Ақтөбелік палата белсенді түрде қатысатын үлкен мақсатты жұмыс»,– дейді Ұлттық палата өкілі.

Сондай-ақ ол Алматы облысында ҰКП-ның қатысуымен өнімнің өңір үшін дәстүрлі түрлері – пияз, картоп, қызылша, көкөністер, алма өсірумен айналысатын 10 кооперативтің тіркелгендігін айтты. Бұл кооперацияның мақсаты – өндіріс кезіндегі мамандануды тереңдету бойынша тауар өндірушілерінің күшін біріктіру, әрі қарай Алматы қ. белгіленген бөлшек желілерінде өткізу арқылы сақтауды, сатылым алдындағы дайындықты қамтамасыз ету және тағы басқалар. Аталған жобаны іске асыруда «Атамекеннің» серіктестері – отандық өнімге деген қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын әрі мүдделі екендіктерін танытқан Магнум, Рамстор, Арзан, Метро, Алма, Carefour тәрізді еліміздің бөлшек сауда желілері болып табылады.

Жамбыл облысының Мерке кентінде сүтті өндіру және қайта өңдеумен айналысатын, бастапқыда 13 шаруа қожалығынан тұрып, қазіргі уақытта 42 қатысушысы бар кооператив тіркелген. Кооператив қатысушыларының құрамына бір уақытта сүт өндірушілері мен өңдеушінің кіретіндігі ескеруге тұрарлық жайт, бұл өз кезегінде оларды дамыту қажеттілігі зор болатын жаңа экономикалық қарыс-қатынастардың үлгісі болып саналады. Кооператив қатысушылары 600 000 000 теңгеден астам сомаға «Ырыс» бағдарламасы бойынша 1000 басқа дейінгі сүтті мал тұқымдарын сатып алу үшін өтінімдер құрады және өнімділікті екі есеге дейін, немесе жылына бір сиырдан алынатын қазіргі кездегі 2 500 литрден 5 000-6 000 литрге дейінгі деңгейге көтеруге ниеттеніп отыр. Басқа тиімділік, басқа өзіндік құн, басқа өндірушілер үшін біршама тиімді мүмкіндіктер мен тиімді бағалар ең соңғы кезекте.

«Мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бірақ, тұтастай алғанда, жыл басынан бергі осы қысқа уақыт ішінде біз ауыл шаруашылығы өндірушілерінің түсінігіндегі келесі өзгерістерге көз жеткіздік. Егер бұрын олар кооперативтің құрамына бірігудің «неліктен» қажет екендігі туралы сауалдар қойса, енді олардың сауалдарының басым көпшілігі «қалай» деп басталады, біз өңірлік палаталардың күшімен барынша толыққанды жауап беріп, құрылып жатқан кооперативтерге барлық қажетті кезеңдерде қолдау көрсетуге тырысамыз.

Оның сөзіне қарағанда, шаруалар әсіресе дағдарыс кезеңінде кооперацияның арқасында қол жеткізуге болатын барлық экономикалық пайдаға өз бағаларын ұсынатын болады. «Біз аграрлық бизнес өкілдерінің барлық оң және теріс жағдайларды таразылап, осы идеяны саналы түрде қабылдап жатқандығына куә болып отырмыз. Енді тек нарықтың кооперацияны тұтастай АӨК-ті жетілдіру элементі ретінде қабылдап, қазақстандық аграрлық қызметкерлердің өніміне оң баға ұсынатындығына үміт арту керек»,– деп түйіндеді ол өз сөзін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер