«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кейде бизнес ашу үшін 1 млн теңге де жеткілікті

2016 жылғы 05 Ақпан
27993 просмотров

ҰКП-ның өңірлердегі кәсіпкерлік аухалды зерттеу жөніндегі нәтижелері

Кәсіпкерлікте мәжбүрлікке бару болашақ бизнестің ауқымын және оның қаржылық мүмкіндіктерін айқындайды. Шамасы, табыстың басқа баламасы болмаған жағдайда болашақ кәсіпкерлер ең аз персоналмен кішігірім кәсіпорын ашуға тырысатын тәрізді.      

Расымен де, сұрау салу көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі (33%)  өз ісін бастау үшін  оларға бір миллион теңге көлемінде қаражат керек екендігін атап көрсетті. 14%-ы үш млн теңге мөлшерінде қаражат салуды жоспарлайды, тағы 14%-ы – бес миллион теңге көлемінде қажетсінеді. Қалған жауаптар жүз мыңнан үш жүз мың теңгеге (14%), 1200-ден 2500 мың (14%) және 10 млн теңгеге дейінгі  диапазонда орналасты.

Бұл арада 30%-дайы болашақ бизнеске өз қаражаттарын бір миллион теңге көлемінде салуға дайын, 23%-ы – бес жүз мың теңге салуды жоспарлайды, тағы 23%-ы – жүзден үш жүз  мың теңгеге дейін, және тек 17%-ы бір миллион және одан да жоғары қаражат салуды жоспарлайды. 

Осылайша, өз ісін бастау үшін әрбір үшінші әлеуетті кәсіпкерге бір миллион теңгедей қаражат керек деген түйін жасауға болады.

Кәсіпорындардың 5 жылдық перспективадағы персонал саны, %-бен

 Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Кәсіпорындардың ауқымы кәсіпорынды іске қосуға салынған қаражаттың көлеміне сәйкес келеді. Айталық, болашақ кәсіпкерлердің алдын ала жасалған жоспарлары бойынша, таяудағы бес жылда әрбір екінші кәсіпорында 5 адамнан ғана жұмыс істейді. Төрттен бірі 6-дан 10 адамға дейін жалдауды жоспарлайды, 11%-ы – 11-ден 20 адамға дейін, тағы 11%-ы – 30-дан 50 адамға,  және тек 1,4% болашақ кәсіпкердің өз  бизнесін ұлғайту жөнінде ауқымды жоспарлары бар: бұл санаттағы респонденттер өз кәсіпорнындағы персонал санын 100 адамға дейін өсіруді көздейді (1-сурет).  

Қазақстанда бизнесті жүргізудің сипаттық ерекшелігі деп оның туыстық бағдарлылығын бөліп көрсетуге болады. Көшбасшы өңірлердегі әлеуетті кәсіпкерлердің пікіріне сұрау салу көрсеткендей, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту қажет болған жағдайда болашақ  кәсіпкерлер, ең алдымен, туыстары мен жақындарынан көмек сұрайды. Бұл тұрғыда Қазақстан үшін жаңа қаржыландыру технологиялары, айталық, венчурлік капитал және краудфандинг аса танымалдыққа ие емес, бұл тұрғындардың қаржыландырудың балама көздері туралы нашар ақпараттандырылғанын және жалпы қаржылық сауаттылығының төмендігін дәлелдейді. Тұрғындар арасында ең танымал қаржыландыру институттары – банктер халықтың болашақ бастамасы үшін қаржыландыру қажет болған жағдайда жүгінетін екінші пункті болып табылады (12-сурет).

Қаржыландыру көздері, %-бен

Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Жалпы алғанда, сұрау салу нәтижелері көрсеткендей, тұрғындар сыртқы қаржыландыру баламасын мүлде дерлік қарастырмайды және бизнестің аяғынан нық тұруына өз қаражаттарын салғанды артық көреді.   

Зерттеуді «Атамекен» ҰКП ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер