«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салықты көтереміз деп, бізде де «Детройт» пайда болу қаупі туындайды

2015 жылғы 18 Қыркүйек
8844 просмотров

Қазақстандық блогер Жанна Ильичева «Атамекен» ҚР ҰКП palata.kz сайтының парақшасында өзінің Үкіметтегі салық саясатына қатысты пікірімен бөлісті

Шағын және орта бизнестің Қазақстандағы ЖІӨ үлесі соңғы жылдары 17% белгісінде тұрақтап тұр. Мемлекет ШОБ-тың елдегі экономика тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы саяси процестерге әсерін тигізіп жүргенін түсінетін де сияқты. Биік мінберлерден үнемі еліміздегі ШОБ дамуына бар жағдай жасалғаны, жеке кәсіпкерлікке көмек ретінде үнемі түрлі қорлар мен қауымдастықтар құрылып жататыны жайлы мәлімделіп отырады. Ал қазір үкіметтің бір девальвация екіншісін алмастырып, бензин бағасы өсіп жатқан ШОБ үшін осындай күрделі кезде жасалған жаңа салық салу саясаты жайлы бастамасы мүлдем түсініксіз. Бұл бизнес үшін төзімділікті сынау болып табылады.

Үкіметіміз бен депутаттарымыз әлемдік тәжірибеге үңіліп, жіберген қателіктеріне неге талдау жасамасқа? Барлық дамыған елдер кезінде соның бәрін бастан кешкен. АҚШ-тағы Детройтты еске түсірейік. Жоғары салықтар мен зейнетақының жоғары аударымдарымен «қаза болған» қала. Бизнес ол қаладан қашып кете салды, ал Детройт банкрот атанды. 1975 жылы Нью Йорк те банкроттық шегіне жеткен еді. Оны қаланы шын мәніндегі еркін экономикалық аймаққа айналдырған салық реформасы құтқарып қалды.

Бүгінгі АҚШ президенттігіне үміткер Джеб Буш жақында көлемді салық реформасын жүргізіп, америкалық компаниялардың шетелден қоныс тауып кетпеуі үшін, корпорация табысына салықты 35-тен 20 пайызға қысқартуды ұсынды. Ол сонымен қатар шетелден 2 триллион долларды құрайтын корпорацияның шетелдік табысын қайтару мақсатында, шетелдік табысқа 10 жыл ішінде бөліп төлеуге болатын бір реттік 8,75% салық салуды ұсына отырып, «салық амнистиясын» жүргізуді ұсынды.

Бизнес үшін төмен салық ауыртпалығы ғана кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне сеп болады, жұмыс орындарының санын арттырады, жұмыс жасауға деген ниетке түрткі боп, инвесторларды тартады деген қарапайым аксиома сияқты мен үшін. Ақырында бұл бюджетке түсетін салық аударымдарын ұлғайтады.

Сәйкесінше, салық жүктемесін көбейту елде тоқырау, кәсіпкерлік енжарлық, бизнес-процестердің қысқаруын, кәсіпорындар жабылауын, адамдардың жұмыстан шығарылып, кадрлар қысқаруын, жұмыссыздықты, ақырында халықтың наразылығын тудырады.  Мемлекеттен ештеңе сұрамайтын өзін-өзі жұмыспен қамтушы адамдар орнына, әзірше билікке ниеті түзу шағын және орта бизнес орнына өзіміздің «Детройт» пайда бола ма деген зор қауіп те жоқ емес.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер