«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!

2018 жылғы 02 Тамыз
- Қызылорда облысы
2595 просмотров

Сіздерді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме байқауын тамашалауға шақырамыз.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыруды, отандық тауарлар сапасын көтеруді және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті өнімге толтыруды мақсат еткен байқауға Қызылорда облысы бойынша тауар өндірушілер қатысады.

Байқауға қатысушылар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша бақ сынайтын болады.

Жеңімпаздар Астана қаласында өткізілетін республикалық байқауға жолдама алады.

Көрме-байқау 4 тамыз күні сағат: 9.00-де Қызылорда қаласы, Орталық алаңда өтеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер