«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

«Атамекен» кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүддесін қорғайды. Ұлттық палата құрылғаннан бері  еліміздің бизнесмендерінен 27000 өтінім келіп түскен. Өтінімдердің 40%-дан астамы бүгінде оң шешімін тапқан.

«Атамекен» қолдауының арқасында кәсіпкерлер 133,6 млрд теңге үнемдеді. Бұл алынып тасталған айыппұлдар, өсімақылар, қосымша салықтар мен мүліктік шығындар.

Заңнамаға өзгерістерді енгізуді талап ететін жүйелі проблемалар – республикалық Мәселелер тізіліміне енгізіледі. Тізілімде 600-дан астам мәселе бар, оның ішінде 428 мәселе – толық шешілген, 123 мәселе – шешілу алдында.

Бизнес және заң

Бизнес өкілдерінің барлық ескертпелері мен ұсыныстарының 75%-ы – заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілерге енген!

«Атамекенмен» бірге кәсіпкерлер Заңдарды жетілдіру мен әзірлеу мүмкіндігіне ие болды.

Бизнеске қатысы барлық заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілер бизнес-қоғамдастық пен  «Атамекенннің» міндетті мақұлдауынан өтеді!

Егер кәсіпкерлер заң жобаның  ұсынылып жатқан нормаларымен келіспесе –  онда кәсіпкерлер нормаларға өзгерістерді әзірлеу кезеңінде енгізе алады.

Қызмет атқару кезеңінде «Атамекен» заң жобалары мен нормативтік және құқықтық актілерге 26 821 сарапшылық қорытынды шығарды.

                                      

Бизнес және бақылау

«Атамекен» Үкіметпен бірлесіп, Қазақстанда бизнесті жүргізуді анағұрлым қолайлы етіп, жақсартты.

Тексерулер саны қысқартылды 183 000 тексеруден (2013 жыл), 81 000 тексеру (2017 жыл) қалды.

Кәсіпкерлерге рұқсат беру құжаттарының саны 72%-ға қысқарды.

1115 рұқсат беруден 315 рұқсат беру қалды.

Кәсіпкерлерге деген түрлі талаптардың саны 58%-ға қысқарды.

Жалпы болған  30 500 талаптың, 13 000-ы қалды. (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының өзінде бизнеске деген талаптар саны 11 000-нан 1700-ге дейін қысқарды)

Осылайша бизнес жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік алып, жалпы (бір мезгілде) 600 млрд теңге үнемдеді.

(Мәселен, мұнай өңдеу базаларына арналған бақылау-есептеу құрылғыларын орнату бойынша таталаптарды алып тастау – бизнестің 67  млрд теңгеден астам қаржылық шығындарын қысқартты. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан қайталап өту бойынша талапты алып тастау  750 млн теңге қаражатты үнемдеді).

Бизнес және өзін-өзі реттеу саласы

2016 жылдан бастап «Атамекен» өзін-өзі реттейтін ұйымдарды аккредиттеуден өткізуде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға беруге  бағытталған реформаға атсалысуда.

Бүгінде «Атамекен» өзін-өзі реттеу туралы заңнаманы жүзеге асыру үдерісіне белсенді қатысуда. Осылайша, міндетті мүшелікке негізделген  өзін-өзі реттеу 2 салаға енгізілді:

  •  бағалау қызметі («Қазақстан Рсепубликасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына 2018 жыл 10 қаңтарда қол қойылды);
  •  заңгерлік кеңес берушілер қызметі («Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңына 2018 жыл 5 шілде күні қол қойылды).

 «Атамекеннің» қатысуымен мемлекеттік қызметтерді сапалы орындауға арналған базалық әдістер қалыптастырылып, құралдар әзірленді. Мемлекеттік басқарудың 30 саласы қамтылды.

 Мемлекеттік органдардың 15 000 қызметіне түгендеу (инвентаризация) жасалып, 140 мемлекеттік қызметке талдау жүргізілді, оның ішінде 56-сы (40%):

  • 32 қызмет өзін-өзі реттеу саласына (94 қызмет ішінен);
  • 5 қызмет түрі бәсекелік ортаға (46 қызмет ішінен) беру туралы шешім қолдау тапты.

Қызметтерге жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар қызметінің екі топқа бөлінген тізбесі жасалды. Мемлекеттік органдар мен бизнестің ұсыныстары негізінде 2020-2022 жылдарда қарастырылуға ұсынылған қызметтерді үшінші тобы жинақталуда.

Қазіргі таңда өзін-өзі реттеуді банкроттық және оңалту, экологиялық аудит, ведомстводан тыс сараптама салаларына енгізу талқыланып жатыр.

Бизнес және айыппұлдар

Кәсіпкерлерге қарастырылған әкімшілік кедергілер 30%-ға төмендеді (құқық бұзудың 157 құрамы бойынша). Бизнес айыппұлдарды 50% жеңідікпен төлеуге мүмкіндік алды. (жеке тұлғалар аналогиясы бойынша, мәселен жол жүру ережелерін бұзу кезінде алғашқы 7 күнде айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеуге болады).

Қылмыстық кодекстен «Жалған кәсіпкерлік» бабы алынып тасталды.

6 бап бойынша, егер бұзушылық алғаш рет жасалып, келтірілген зардап ерікті түрде өтелген болса, жауапкершіліктен босату қарастырылған. Нәтижесінде 20 000 кәсіпкер экономикалық айналымда қалып, кәсіпорындарын сақтап қалды, сәйкесінше жұмыс орындарын сақтап қалды.

Аталған шағымдарды қарау мақсатында Қаржы министрлігі жанынан Апелляциялық комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдар және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Бизнес және салық

Бизнес-қоғамдастық жаңа Салық Кодексін әзірлеуге алғаш рет қатысты. Соның нәтижесінде кәсіпкерлердің бастамасымен келесі өзгерістер қабылданды.

Еңбекақы қорына ауыртпалықты төмендету мақсатында әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 1,5%-ға төмендетілді;

Қолданыстағы арнайы салық режимдерін сақтап қалу қарастырылған;

Патент құнының салықтық мөлшерлемесі (сауда қызметінен басқа) 2%-дан 1%-ға дейін төмендетілді;

Саны және шектік кірістер бойынша жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимдерінің шектік мәні қайта қаралды;

Ауыл шаруашылығы өндірушілер үшін 70%-дық жеңілдік орнына ҚҚС-ты  есепке алу бойынша түзету қарастырылған;

Белгіленген шегеру негізінде ерікті түрде  қосымша жаңа баламалы режим  енгізілмек;

Шағын бизнеске ауыртпалықты азайту мақсатында 30 000 АЕК мөлшерінде ҚҚС бойынша қолданыстағы шек сақталды;

Электронды саудадан түскен кірістер корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығынан босатылды;

 Жер қойнауын пайдаланушылары корпоративті табыс салығы дивидендтерінен және қайта өңдеу көрсеткіші шығындардан босатылады;

Мұнай секторында барлық контрактар бойынша коммерциялық анықтау бонусы алынып тасталды;

Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жұмыстары басталған бір кен орны бойынша барлау шығындарын басқа контракт шеңберінде өтей алады;

Теңіз және терең мұнай кен орындарына жер қойнауын пайдалану бойынша баламалы салық енгізілді;

Тау-кен секторында барлық контрактар бойынша коммерциялық анықтау бонусы және көмір экспортына ренттік салыққа ауыртпалықты үстеме пайда салығы алынып тасталды;

Қалайыға белгіленген пайдалы қазбалар салығының мөлшері қайта қаралды (6%-дан 3%-ға); 

2020 жылдан бастап шағын және орта бизнеске талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарады;

Жоспардан тыс салық тексерулерін тағайындауға негіздемелер қысқартылады;

Ең бастысы: Салық кодексінің барлық түсініксіз және нақтыланбаған тұстары кәсіпкерлер пайдасына шешілетін болады. Кәсіпкер егер салық органның түсіндірмесіне сәйкес әрекет етіп, ал сол түсіндірме бойынша позиция өзгерген болса,айыппұл мен өсімақыны төлемейді.

                                                

Бизнес және кеден

«Атамекен» және бизнес-қоғамдастық Кеден заңнамасына ұсыныс енгізді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы күшіне енді.

Бизнес үшін не өзгерді?

«Бірыңғай терезе» механизмін енгізуге арналған заңгерлік мүмкіндік бекітілді.

Кедендік тазалауды енді «постфактум» бойынша ғана жүргізу мүмкін. Кедендік декларацияға ДЕЙІН тауарларды шығара алатын кәсіпкерлер мен тауарлардың тізімі кеңейтілді;

Кедендік транзитті аяқтау мерзімдері 1 жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқартылды;

Шығару мерзімдерін ұзарту кезінде транзитті рәсімдеу уақыты 10 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;

Бизнеске кірме баж салығы мен салықтарды төлеуді: шегерім (бөліп төлеу) берілгені үшін пайыздарды төлеумен 1 айға дейін шегеру мүмкінді беріледі – сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына 6 айға дейін пайыздық үстемесіз.

Кодекспен белгіленген тауарлардың жекелеген категориясына (мемлекеттік тапсырыстар мен ауыл шаруашылығы қажеттілктері шеңберінде).

Бажсыз сауда аймағында (DUTY FREE) тауарларды өткізу;

  • Үшінші елдер территориясынан  келген тұлғаларға;
  • ЕАЭО-ны бір мемлекетінен екінші мемлекетіне кетіп бара жатқан тұлғаларға;

Тауарларды шығару мерзімдері қысқартылды:

  • Декларацияны тіркеу уақыты 2 сағаттан 1 сағатқа дейін;
  • Тауарларды шығару уақыты 1 жұмыс күнінен жұмыс уақытындағы 4 сағатқа дейін;

Тауарларды шығаруға дейін кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін беру

Шағын және орта бизнеске арнап:

  •  кеден органдарының кедендік төлемдерді қайтару жөніндегі талаптары
  • тауарлардың кедендік бақылауда болуы бойынша мерзімдер қысқартылды.

 Бос қоймалар, кеден қоймалары және жеке тауарларды сақтау қоймаларының иелеріне талаптар оңтайландырылды.  

                                              

Бизнес және сатып алулар

«Атамекен» Сатып алулар туралы Заңға түзетулер енгізді:

Олар:

- квазимемлекеттік секторда әкімшілік жауапкершілікті енгізу;

- сатып алулардың жоспардан тыс және сатып алулар жоспарларын уақытында жарияланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілкті енгізу;

- ҚР ұлттық стандартарын міндетті көрсету;

- құрылыс бойынша жұмыстарды сатып алуда 30% мөлшерінде авансты міндетті төлеу;

- демпингтің ең төмен шектерін белігеу;

- алдын-ала біліктілік іріктеуде Бірыңғай тәсілдерді белгілеу;

- сатып алулар бойынша бірыңғай қол жеткізу нүктесін құру;

- отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу.

Құрылыс материалдары, жабдық, бұйымдар мен конструкцияларды шығаратын тауар өндірушілердің электронды тізілімі құрылған. Тізілім бюджеттік қаражат есебінен салынатын құрылыс объектілерін жобалауда міндетті болды.

«Самұрық-Қазына» қорымен отандық тауар өдірушілерді қолдауға бағытталған келісім жасалды және Сатып алулар ережелеріне өзгерістер әзірленді. Оның ішінде:

- сатып алуларды бірінші кезекте Қордың тауар өндірушілері арасында жүргізу;

- оффтейк-шарттарын енгізу;

- жаңа өндірісті құру бойынша бағдарлама әзірленді (оффтейк-шарттарды жасау тәртібі);

- өткізу-қабылдап алу актілерге қол қою мерзімін регламенттеу (10 жұмыс күні);

- Холдинг тізіліміне енген тауар өндірушілерден 250 млн теңгеден астам сомада жұмысты сатып алу кезінде Қазақстанда өндірілген материалдар мен жабдықты қолдану туралы талап қою;

- импортты алмастыратын тауарды келісімшартты тікелей жасау арқылы бір көзден өткізу әдісімен сатып алу;

2019 жыл 1 қаңтардан бастап тауар, жұмыс қызметті шығаратын отандық өндірушілерінің тізілімі өз жұмысын бастады. Тізілім незігінде компанияларға Индустриялық сертификат беріледі.

                                            

Бизнеске арналған тегін қызметтер

«Атамекенде»  174 536 кәсіпкер ТЕГІН қызметтерді алды («Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша).

Біз салық есебін құру мен өткізу, бизнес-жоспарды дайындау, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу, несие алуға қажетті құжаттар топтамасын әзірлеу және басқа да бағыттар бойынша тегін қызмет түрлерін ұсынамыз.

Сонымен қатар бизнес мемлекеттік сатып алуларға қатысу, іскерлік құжаттарды дұрыс құру жөнінде тегін кеңес ала алады (қызмет онлайн түрінде де қолжетімді)

Қызметтерді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (облыстық палаталар жанында) және Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарынан (аудан және моноқалалардағы Палаталар филиалдарында) алуға болады.

Барлық қызметтерді services.atameken.kz порталы арқылы онлайн режимінде алуға болады.

                                             

Бизнес және мамандар

«Атамекен» қолдауымен 2555 кәсіпорын өзінің өндірістік қажеттіліктеріне қарай мамандарды оқытуда.

Кәсіпорындардағы кадр тапшылығын шешу мақсатында «Атамекен» «Білім берудің дуальді жүйесін» енгізді. Колледжер мен жоғары оқу орындарының студенттері оқу уақытының 60%-ын өндірісте өткізеді, қалған уақытта – теориялық білім алады.

Бұл жүйе басымдық берілген 11 салада 97 мамандық және 150 біліктілік бойынша енгізілген.

Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге қазақстандық жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингі жүргізілуде. Оның мақсаты – оқу үдерісін нарық талаптарына жақындату.

                                             

Бизнеске оқыту

«Атамекен» ҰКП «Бастау» жобасы бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарды тегін оқытады.

2018 жылдың өзінде Қазақстанның 160 ауданы мен 40 қаласынан 28 345 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат оқытылды.

Қатысушыларға шәкіртақы төленіп, бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, бизнесті жүрігізуде көмек беруге дейін толық қолдау көрсетіледі (бухгалтелрлік есеп, салық салу, құқық қорғау және т.б.).

Бұған қоса «Атамекен» кәсіпті енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу», Тәлімгерлік принциптерін қолданумен жобалық оқыту оқу курстарын өткізуде.

Оқытудың 4 жылы ішінде оқуға 74297 адам қатысты. Оның ішінде 8553 адам – бизнес ашты, 3816 адам – бизнесін кеңейтті, 3871 адам – қаржыландыру алды.

«Аға сеньорлар» жобасы бойынша 179 кәсіпкер шетелдік мамандарды шақыру арқылы бизнес-процестерін жақсартты. «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша 133 кәсіпкер шетелде бизнес-тағылымдамадан өтті.

5 жыл бизнеспен бірге

                                  

Серіктестер