«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отбасылық бизнесті қолға алған Шұғыла

2018 жылғы 19 Ақпан
- Қызылорда облысы
1255 просмотров

Қазіргі таңда тек үлкен қалалар ғана емес шағын елді мекендерде тұратын кәсіпкерлер де қолайлы жағдай жасалған

Олар шалғайдағы елді мекенде тұрса да мемлекет ұсынған жәрдемнен тыс қалып жатқан жоқ. Шұғыла Рахметова да өз кәсібін ашуды ойластырып, отбасымен келісіп Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Палатадан тиісті білімін алып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 4 млн.теңге несиеге қол жеткізеді.

 «24 бас мал алып, қолда 2-3 ай ғана ұстап 7 бас малды саттым. Оның орнына бордақыға жылқы алып, бордақыладым. Жылдың басында бордақылаған малдарды саттым. Бағдарламаның тиімділігін көріп отырмын. Өзім сияқты қарапайым адамдарға да қолжетімді екендігіне, тамыр-таныссыз алуға болатындығына көзім жетті. Тек талаптану керек», - дейді кәсіпкер келіншек.

Қазір жас кәсіпкердің қорасында бордақыға байлап отырған жылқылары мен баспақтары бар. Одан бөлек сауын сиырларын күнделікті сауып, сүтін ішеді, артылғанын сатады. Жолдасы жұмыста. Сондықтан Шұғылаға атасы мен енесі көмектеседі. Отбасылық бизнес болғандықтан оның жемін беру, шөбін салып, астын тазалауды отбасы мүшелері бірге атқарады. Алдағы жоспарлары мал басын көбейтіп, қораларын кеңейту. Қосымша жұмыс орындарын ашу.

 Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл бизнесін қаржыландыруда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның маңызы зор. Ол әсіресе ауылды жерде жұмыс жасайтын шағын бизнес өкілдері мен ауылдарда өз ісін ашамын немесе кеңейтемін деген азаматтар үшін оңтайлы.

«Бүгінде ауылдық елді мекен тұрғындары үшін жобаларын қаржыландыруға қолайлы қаржы институты «Қызылорда» өңірлік орталығы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» болып отыр. Бұл ретте, біздер - Кәсіпкерлер палатасы мамандары кеңес беріп, құжаттарын әзірлеу, бизнес-жоспарын дайындау сынды қызмет түрлерін тегін көрсетеміз. Сонымен қатар, кәсібін сүйемелдеуге атсалысамыз», - дейді Кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Олжас Аяғанов.

 Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасы өз ісін бастаймын деген азаматқа кеңес беруден бастап, жобасын аяғына тұрып кеткенше сүйемелдеу жұмыстарын көрсетуге әзір және Палата тарапынан көрсетілетін қызметтердің барлығы ақысыз – тегін. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер