«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балабақша иелеріне 17,5 млн.теңгесі қайтарылды

2017 жылғы 21 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
1422 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына қазан айында қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірқатар жетекшілерінен ұжымдық арыз түскен болатын. Арызда кәсіпкерлер қалалық білім бөлімімен тамыз айына қаржыландыру тоқтап қалғандығын жеткізген

Аталмыш мәселе ұзақ уақыт зерттеуді қажет етті. Себебі жауапты мемлекеттік орган өкілдері, кәсіпкерлермен бірнеше кездесу өткізіп, мән-жайды анықтау қажет болды. Мәселені зерделеу барысында 13 балабақшаның тамыз айындағы субсидиясы төленбей қалғандығы анықталды. Себебі ретінде бірнеше факторды келтіруге болады. Бірінші фактор – 2016 жылы Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылады. Кеңес құрамына түрлі саладағы қоғамдық пікір көшбасшылары енгізілген. Аталмыш кеңес мүшелері қала бойынша барлық жеке балабақшалардың қызметіне мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бірқатар балабақшалардың қызметінде  кемшіліктер анықтаған. Кеңестің шешіміне сәйкес кемшілік анықталған балабақшалардың тиісті қаржыландыру процесі тоқтатылған.

Кәсіпкерлер палатасының қабырғасында өткен бірнеше кездесу тартысты өтті. Себебі мемлекеттік орган өкілдері балабақшалардан анықталған кемшіліктердің (кейбір балабақшалар санитарлық талапқа, сай емес, кейбірі нормативке сай емес) нәтижесінде тоқтату туралы шешім қабылдадық десе, балабақша иелері кемшіліктерді жоюдағы әкімшілік кедергілерге шағымданды.

Бұл мәселеге қатысты Палата заңгерлерінің пікірі мынадай болды: «Кеңес шешімінің заңды күші жоқ, яғни Кеңестің функциясына бақылау-қадағалау кірмейді. Сондықтан да уәкілетті мемлекеттік органның қабылдаған шешімі заң нормаларына сай келмейді».

Дегенмен, балабақша иелері мен тиісті сала басшылары қатысқан жиналыста Кәсіпкерлер палатасы басшылығы бизнес өкілдерін де бұл мәселеде жауапкершілікті болуға шақырды. Өйткені, балабақша – кәсіп түрі дегенімен, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында екендігін баса айтты. Ол үшін кәсіпкерлерге жұмысын жүргізуге кедергі келтіріп отырған әкімшілік кедергілер анықталып, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, білім бөлімі мамандарының, кәсіпкерлердің қатысуымен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал 13 балабақшаның тамыз айындағы мемлекеттен бөлінген 17 млн.497 мың теңге субсидиясы Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің білім бөлімі мен кәсіпкерлер арасында жүргізген медиациялық келіссөздерінің нәтижесінде оң шешіліп, балабақша иелерінің қаржысы толығымен төленді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер