Түрік инвесторлары Қазақстанда лифт шығаруды қолға алмақ
Түркиялық ірі кәсіпорындардың негізін қалаушы бизнес өкілдері өздерінің Сыр өңіріне келген жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті атқарушы органдарының, Палатаның, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының, Қызылорда даму орталығының өкілдерімен кездесті.
Шетелдік инвесторлардың мақсаты өңірде жаңа кәсіпорын ашып, өздерінің жылдар бойғы жиған тәжірибесімен бөлісу.
«GOGA CONCEPT» компаниясының бас менеджері Ibrahim мырзаның айтуынша қазіргі таңда Түркияның Трабзон қаласында «Bordoor» есік шығару компаниясы өркендеп дамып келеді. Компания өзінің заманауи өндірісінде берік және функционалды есіктер шығарады.
27 жылдық тәжірибесі бар компания есік индустриясында сапалы және эстетикалық шешімдерді ұсыну принципін ұстанады. Компанияның өнімдері тұрғын үйге де, коммерциялық кеңістікке де сәйкес келетін әртүрлі дизайн мен модельдердің арқасында әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Осы ретте, олар Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатып, серіктестік аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға және еліміздің экономикалық тұрақтылығын дамытуға өз үлестерін қосуға мүдделлі екенін жеткізді.
Сонымен қатар, инвесторлар өңірде лифт құрастыру өндірісін ашуды көздейді. Ол бойынша Атамекен палатасы алдағы уақытта ҚР Үкіметіне «модернизациалау» бағдарламасы аясында ұсыныс беріп, іскерлік байланысты нығайтуға жол ашпақ.
Оставьте комментарий:
Комментарии: