«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Mining & Metals Central Asia пен Kazcomak 2024: 34 елден 400-ден аса қатысушы келді

2024 жылғы 26 Қыркүйек
1096 просмотров

Алматыда тау-кен жабдықтары, минералдар мен кен өндіру және байыту тақырыбы бойынша «Mining & Metals Central Asia 2024», сондай-ақ жол, өнеркәсіптік құрылыс және коммуналдық техника бойынша «Kazcomak 2024» атты екі бірдей халықаралық көрме өтті.

Көрмеге әлемнің 34 елінен 402 компания қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда экспозиция айтарлықтай өскен, қатысушылар саны 15%-ға артқан. Экспозицияны Австралия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Норвегия, БАӘ, Ресей, Сингапур, АҚШ, Түркия, Франция, Швейцария, Оңтүстік Корея, Қазақстан және басқа да мемлекеттің өкілдері орналастырды.

Іс-шараға алғаш қатысқандар да болды. Атап айтқанда, 74 компания өз экспозицияларын алғаш рет ұсынған.

Бағдарлама экспозицияларды ғана емес, форум, дөңгелек үстел, және пленарлық отырыстар форматындағы бірқатар іс-шараларды қамтыды. Негізгі мәселелердің қатарында ESG (экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару) мәселелері болды. Еліміз ұстанатын экономиканы жасылдандыру, қоршаған ортаны сақтау үшін жаңа технологияларды пайдалану жаһандық трендке айналды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова Қазақстан жаһандық экономикалық жүйенің бір бөлігі болып табылатынын және оның тау-кен металлургия кешені (ТМК) халықаралық сауда-экономикалық байланыстардағы өзгерістерді сезінетінін атап өтті.

«Біз инвестицияға жоғары бәсекелестікті байқадық. Әлемдік ТМК-нің көпшілігі ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне жауап ретінде 2023 жылдың қаңтарынан бастап өз стратегияларын қайта қарады. Біздің сектор да осы мәселелерді пысықтауға кірісті және Үкімет қолдаған алдағы 5-10 жылға арналған ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеу идеясына бастамашылық етеді», - деді Гүлнар Бижанова.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі мемлекеттік органдармен және салалық қауымдастықтармен тығыз жұмыс істегенін атап өтті. Осы саладағы кешенді шешімдер Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілді. 

Бірлескен жұмыстың тағы бір нәтижесі ретінде жұмыс орындарын сақтау үшін жетілген кен орындарын қолдау мен инвестициялардың орнына салықтық ынталандыруды айта кеткен жөн. 

Өз сөзін аяқтай келе, Гүлнар Бижанова нарық қатысушыларын үйлесімді жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, бизнес-қауымдастық пен мемлекеттің бірлескен жұмыс нәтижесі жаһандық бәсекелестік жағдайында тау-кен металлургия секторының тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатыны атап өтілді.

Көрмені қазақстандық «Iteca» компаниясы және оның халықаралық серіктесі – «ICA Events» компаниялар тобы ұйымдастырды. Іс-шаралар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің, дипломаттар мен қатысушы елдердің сауда өкілдіктерінің қолдауымен өткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер