«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП қызметкерлеріне АЭС құрылысының экономика мен энергетикаға әсері түсіндірілді

2024 жылғы 26 Қыркүйек
976 просмотров

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының өкілдері ретінде Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов, «Атамекен» ҰКП Энергетика департаментінің директоры – басқарушы директоры және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі Жақып Хайрушев, «Ауыл» партиясының өкілі Мейрамбек Оралов, «AMANAT» партиясының өкілі Мырзамұрат Бисембаев және энергетика саласының сарапшысы Ғабиден Қанатов қатысты.

2024 жылғы 6 қазанда елімізде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының өкілдері қатысуымен кездесу өтті. Халық штабы – әртүрлі саяси партиялар, энергетиктер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің бірлестігі.

Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлер мен салалық қауымдастықтарға АЭС салудың салдары, ел экономикасы, энергетикалық қауіпсіздік және экологияға әсерін түсіндіру. Сонымен қатар, атом энергетикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов жобаны жүзеге асыру жағдайында станцияның техникалық және технологиялық стандарттарға сәйкестігі мәселесіг көтерді. Оның айтуынша, құрылыс барысы тек Үкіметтің ғана емес, Халықаралық атом энергиясы агенттігі сияқты ұйымдардың ерекше бақылауында болатынын айтты.

«Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Энергетика департаментінің директоры және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі Жақып Хайрушев кейбір электр станцияларының 90%-ға дейін тозғанын айтты.

«Ауыл» партиясының мүшесі Мейрамбек Оралов ауыл шаруашылығы секторының қатысушыларының электр энергиясына деген қажеттіліктеріне назар аударды. Станция электр энергиясының тапшылығын болдырмай отыра, фермерлерге (әсіресе оңтүстік аймақтарда) көмектесетінін түсіндірді.

Кездесу жобаны техникалық және қаржылық сүйемелдеу мәселелері бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауап берумен аяқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер