«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палатада сот жүйесін жаңартуға қатысты ұсыныстар талқыланды

2022 жылғы 28 Қараша
4574 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

«Атамекен» ҰКП алаңында сот жүйесін реформалауға қатысты ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Ұлттық палата алаңында сот жүйесін реформалау туралы ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы өз қызметін жалғастырып жатыр. Кезекті жиын өткен жұмада өтті.

 Жиынға Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары Асылбек Мұсралинов, сот реформасы жөніндегі жұмысты үйлестіруші, сот талдауы бөлімінің меңгерушісі Дәурен Еркебаев және стратегиялық даму секторының меңгерушісі Еркін Еркебекұлы қатысты.

 Шара барысында мынадай мәселелер бойынша құрылымды талқылау өтті:

1) азаматтық істер бойынша «жаппай» кассацияны енгізу,

2) округтік кассациялық соттарды құру,

3) сот отырыстарының форматын айқындау – онлайн/офлайн,

4) автоматты эксаумақтылықты енгізу,

5) төраға лауазымын судья лауазымына қайта құру,

6) аудандық соттар төрағаларын сайлау,

7) мемлекеттік баждың жаңа мөлшерін белгілеу.

 

Жиынға қатысулар жұмыс тобының нәтижесін жемісті деп таныды және жұртшылықтың сұранысына жауап беретін сот жүйесін жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды талқылау үшін мерзімді негізде осындай кездесулерді өткізу қажет екенін растады.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер