«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ЕЭК Кеңесі бизнес мүддесіне қатысты келелі шешімдерді қабылдады

2022 жылғы 28 Қараша
6486 просмотров

Жақында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов қатысты. Кеңес барысында 42 мәселе қаралды, оның үшеуіне Ұлттық палата бастама жасаған. Барлық үш мәселе бойынша келелі шешімдер қабылданды.

ЕЭК Кеңесі уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) бірдей шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтық, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша әртүрлі жағдайларда бірнеше рет туындайтын міндеттер тоқтатылатын мән-жайларды айқындады.

Мұндай мән-жайларға мыналар жатады: тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру, кеден органының кедендік декларациялауға байланысты тауарларды кедендік рәсіммен орналастырмай шығаруы, кеден органының ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат алуына байланысты тауарларды уақытша сақтау қоймасынан беру, сондай-ақ тауарларды кедендік рәсімсіз сақтау орнын өзгерту олардың кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру.

 Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатудың нақты мән-жайларын айқындау ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер күшіне енгенге дейін Одақтың кедендік аумағына әкелінген бірдей шетелдік тауарларға бірнеше рет баждар, салықтар салу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

 «Кодексте уақытша сақтау қоймасының иесі емес тұлғалардан баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату үшін негіз ретінде тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру айқындалған. Бірақ тауарлар жоғалғаннан немесе кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берілгеннен кейін ғана. Тиісінше, уақытша сақтаудағы тауарларды көрсетілген ерекшеліктерсіз мәлімделген кедендік рәсімге орналастырған жағдайда, баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылмады. Бұл жағдайда бір тауарға қатысты баждар, салықтарды төлеу бойынша қос міндет туындады», – деді Тимур Жаркенов.  

Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатудың нақты мән-жайларын айқындау ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер күшіне енгенге дейін Одақтың кедендік аумағына әкелінген бірдей шетелдік тауарларға бірнеше рет баждар, салықтар салу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесінің отырысында осы жылдың желтоқсанында ЕЭК Кеңесінің келесі отырысында ҚХР-дан шығатын жылжымалы кассеталық мойынтіректерге қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын жою мәселесін қарау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Еске салсақ,  бұған дейін ЕЭК Алқасының шешімімен демпингке қарсы шаралар теңселіс мойынтіректерінің барлық түріне 2023 жылдың 20 тамызына дейін ұзартылды. Бұл шара жұмыс істемейтін паркте «Қазтеміртранс» компаниясының 1700 жүк вагоны тұрып қалуына себеп болды. Осылайша өндіріс тиімсіз тоқтап қалып, соның салдары тасымалдаудан түсетін пайданың азаюына және экономикалық шығындардың өсуіне әкеледі.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, Ұлттық палата бұл мәселе жыл басынан бері көтеріп келеді.

«Бизнестің басты қорғаушысы ретінде бізге кез келген кідіріс немесе табыстан айырылу мәселесі маңызды. Сондықтан кассеталық теңселіс мойынтіректеріне қатысты демпингке қарсы шараларды алып тастау мәселесі өзекті болды. Бұл мәселе келесі отырыста шешім табуы мүмкіндігіне қуаныштымыз», – деді Тимур Жаркенов.

 Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесінің отырысында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, қызметтердің бірыңғай нарығын дамыту, техникалық реттеу мәселелері, сондай-ақ ванадий-алюминий лигатурасына қатысты баждың нөлдік ставкасын тұрақты негізде қолдану мәселесі талқыланды. Бұған дейінгі 0% мөлшерлемесі осы жылдың соңына дейін ғана қолданыста болған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер