«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палатада өңірлік палаталардың басшылары тағайындалды

2022 жылғы 12 Тамыз
14278 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен, өңірлік кеңестермен ақылдаса отырып, өңірлік палаталардың жаңа директорлары мен орынбасарлары тағайындалып, қызмет атқарып жатқан директорлардың өкілеттілік мерзімі ұзартылды.

2022 жылғы 9 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының  отырысы Ұлттық палата басқарма төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталовтың төрағалығымен өтті.

  Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының диеркторы Нұрлан Қабыштаевтің өкілдігінің тоқтатуына байланысты жаңа басшы болып Тимур Нақыпбеков тағайындалды. Бұған дейін Тимур Нақыпбеков Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болды.

 Сонымен қатар мына өңірлердің ӨКП директорларының өкілеттік мерзімі ұзартылды:

Нұр-Сұлтан қаласы – Бейсен Жолдыбиев;

Ақмола облысы – Ерқанат Мұсылманбек;

Алматы облысы – Дәурен Оңалбаев;

Атырау облысы – Нұрлан Сүйінбаев;

Қостанай облысы – Данияр Күзенбаев;

Маңғыстау облысы – Рашит Мұстапаев;

Солтүстік Қазақстан облысы – Әлібек Әшметов.

ӨКП директорларының орынбасарлары қызметіне:

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Жомарт Махмұт;

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (Г. А. Кукобаның өкілеттігін тоқтату) – Саят Жүсіпбеков;

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасар – Ренат Дәулетпаев;

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары – Гауһар Елеусінова тағайындалды.

ӨКП директорлары орынбасарларының өкілеттік мерзімдері ұзартылды:

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Жеңіс Шажанбаев;

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары – Әділжан Датқаев;

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Әлия Мұқашева;

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Нұралы Ергебаев;

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Серік Әміров;

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының АӨК мәселелері жөніндегі орынбасары – Асылан Ибадуллаев.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық палата басшылығы жаңадан тағайындалған өңірлік палаталардың басшылары мен директорларының орынбасарларына бірқатар ескерту мен талаптар қойды. Енді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Гауһар Елеусінова және Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаевқа белгілі бір уақыт өткеннен кейін басқармаға атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, осы өңірлердің дамуына қатысты өз көзқарасын ұсынуы қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер