«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Айтуар Қошмамбетов «Алатау» технопаркі Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

2022 жылғы 01 Шілде
- Алматы қаласы
3122 просмотров

23 маусымда Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов «Алатау» технопаркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Мұндай шешімді «Алатау» технопаркі» ЖШС-ның жалғыз қатысушысы қабылдады.

 Сонымен қатар Бақылау кеңесінің жаңа құрамына «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ басшысының орынбасары Дени Ахмаров, «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ индустриялық инфрақұрылымды дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Ерасыл Мұратбек, «Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы» КММ басқарма басшысының орынбасары Ғалия Тоқсейітова,   «Алматы қаласының қаржы басқармасы» КММ басшысының орынбасары Алтынай Төлеутаева кірді.

 «Алатау» технопаркі» инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында сервистік компания функцияларын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі қызметті, атап айтқанда инновациялық жобаларды технологиялық бизнес-инкубациялауды жүзеге асыру үшін құрылды.

«Алатау» технопаркінің негізгі мақсаты – инновацияларды дамытуға жәрдемдес, соның ішінде Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау және қазіргі заманға сай инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер