«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мысырға сатып алынған турлар басқа бағыттарға ауыстырылуы мүмкін

2021 жылғы 30 Қараша
4627 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандары 3 желтоқсаннан Мысырмен әуе қатынасы тоқтауына қатысты пікір білдірді.  Турлар басқа елдерге ауыстырылуы мүмкін. 

 Бұл туралы Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Facebook парақшасында жазды.

 «Қазақстандықтар 2022 жылдың наурызына дейін 20 мың тур сатып алған.  Клиенттер саяхат мерзімін кейінге шегере алады немесе эпидемиологиялық ахуалы тұрақты басқа елге ауыстыра алады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы турларды өзгертуге болатын балама бағыттарды Денсаулық сақтау министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі және «Туристік қамқор» қорымен бірлесіп, пысықтап жатыр. Сонымен қатар мақұлданған локациялар бойынша рейстер санын ұлғайту қажет болады. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды Олжас Ордабаев.  

Еске салайық, 2020 жылдың тамызында «Туристік Қамқор» қоры «Күші жойылған турлар бойынша дауларды реттеу регламентін (турларды кейінге шегеру және құнын қайтару)» бекітті. Бұл регламент 2020 жылғы карантин шектеуі кезінде бас тартылған турларға қатысты қолданылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер