«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында 500-ден астам бизнес субъектісі Ashyq жобасымен жұмыс істейді

24 Маусым 2021
2379 просмотров

 Бастапқыда Ashyq қосымшасын негізінен облыс орталығындағы кәсіпкерлер қолданса, қазіргі кезде жобаны моноқалалар мен аудандардағы бизнесмендер белсенді игеруде.

 Мұндай ақпаратты Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов айтты.

 «Қазіргі таңда Екібастұз қаласынан 86 өтінім, Ақсу қаласынан – 36 өтінім келіп түсті, Павлодар облысының аудандары бойынша 73 өтінім бар. Осы ретте бизнесмендер ҚР Бас санитар дәрігердің 2021 жылғы 3 маусымдағы қаулысына сәйкес жоба талаптарын бұзған  қатысушыларды Ashyq жобасынан шығару алгоритмі қарастырылғанын есте сақтауы керек», – деді Серік Сәдуақасов.

 Мәселен, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректеріне сәйкес Павлодар облысы бойынша келушілерді өткізу үшін QR-кодты мүлдем пайдаланбаған 32 қатысушысы-нысан анықталды.

Осыған байланысты, осы 32 нысанның барлығы жобадан шығарылды.

Бұдан басқа, мониторинг топтардың жұмысы шеңберінде жобаға қатысу шарттарын бұзған жобаның бір қатысушысы анықталды, ол да жобадан шеттетілді.

 Сонымен қатар жоғарда аталған қаулыға сәйкес жоба қатысушылары арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталған.

 «Көшбасшылар қатарында Павлодар облысынан 13 бизнес субъектісі бар. Екі апта бойы QR-кодты пайдаланбаған аутсайдерлер тізіміне 101 кәсіпорын кірді.

 Осы бизнес субъектілерінің тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланған.

Жоба аутсайдерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті Серік Сәдуақасов.

Ashyq жобасына қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады. Анықтама телефоны: 8/7182/660311 ішкі:5502, 5510, 5518


Серіктестер