«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инвестициялық әлеует пен болашаққа бағдарланған жобалар

03 Наурыз 2021
6510 просмотров

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы қазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, екі елдің экспорты мен инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады

Садыр Жапаров өз алғысөзінде қос мемлекеттің сауда-экономикалық байланысы тығыз екенін, сондай-ақ Қырғызстан үшін Қазақстан негізгі сауда серіктесі екенін атап өтті.

«Біз екі жақты деңгейде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да көрші тұрған, стратегиялық серіктеспіз. Бұл қазақ бизнесіне инвестициялық жобаларды Қырғыз Республикасында жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда көрсеткіштер жоғары деңгейдегі екі жақты қатынасымызға сәйкес келмейді. Біз сауда-экономикалық әлеуетімізді толық пайдаланбай отырғанымызды мойындағанымыз жөн. Сондықтан сауда айналымына тың импульс беруіміз керек. Бұған қажетті алғышарттың барлығы бар екенін тағы да атап өткім келеді», – деді Садыр Жапаров.

Қазақстан кәсіпкерлері Қырғыз нарығына кіргелі көп уақыт болған, тіпті ірі секторларда жұмыс істейді,  оның ішінде цифрлық және қаржылық өнімдер нарығын дамытуды қолға алған.

«Қырғызстанмен 2004 жылдан бері жұмыс істеп жатқанымызды айта кетейін, ағымдағы жағдай жақсы, қатынастар дамып жатыр. Тұтастай алғанда, ешқандай проблемалар көрмедік, алдағы уақытта да сыртқы инвесторлармен қарым-қатынас дами береді деп үміттенеміз. Оның үстінде біз жақын көршіміз, Қазақстанның трансшекаралық қатынастары көп, көптеген бизнесмен келіп, банкіміз арқылы жұмыс істеуде. Біз банк ретінде трансформация, инвестиция беру құралы саналамыз», – деді «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Үміт Шаяхметованың айтуынша, бүгінгі таңда Халық банкінің Қырғызстан экономикасына салған инвестцииялар мөлшері 250 млн АҚШ долларын құрайды, ал «Қырғызстан халық банкі» еншілес банкі ел аумағында 35 филиал болып жұмыс істеп жатыр.

 Қырғызстан нарығында қарқынды жұмыс істеп жатқан ірі инвесторлардың бірі «VISOR Holding» ЖШС: Холдинг көрші нарығында телекоммуникация, сауда және инвестициялар салаларында үш өнім бойынша жұмыс істеуде. Директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов атап өткендей, қазіргі кезде компания Қырғызстанда ауқым бойынша екінші ірі салық төлеуші болып отыр.

 Көрші нарығына енді инвестиция салып, кірісіп жатқан қазақстандық кәсіпкерлер үшін пандемия да кедергі болмады.

 «2019 жылы кәсіпорын аштық, ешқандай мәселе болмады, сіздерде бизнес бастауға заңнама жақсы жұмыс істейді. Былтыр, ковидпен байланысты проблемаларға қарамастан жақсы жұмыс атқардық», – деп «Еврокоптер» ЖШС коммерциялық директоры Александр Савельев. Спикер жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардан бөлек компания ауыл шаруашылығы және газдандыру салаларында жобаларды ұсынуға дайын екенін атап өтті.

 Сонымен қатар кездесу барысында бірлескен жобаларды бастау басқа бағаттарда, соның ішінде жеңіл өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі және энергетика салаларында іске асыру ұсынылды.

«Бүгінгі кездесудің нәтижесі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына сүбелі үлес қосып, экономикалық өзара дамудың ілгерілеуіне серпін береді деген ойдамын», – деп қорытындылады Садыр Жапаров.

 

 


Серіктестер