«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МЖӘ жөніндегі кеңес: мемлекет нарықтың талап-тілегін ескермейді

2020 жылғы 26 Қараша
5295 просмотров

Инвестицияларды тартуда халықаралық трендтер мен үкіметтің ағымдағы күн тәртібін ескере отырып, кеңестің функционалы кеңейтілді, сондай-ақ атауы – Инвестцияилар және МЖӘ жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңес болып өзгерді. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мейіржан Юсупов Кеңес төрағасының жаңа орынбасары болып тағайындалды

 «Іс жүзінде жеке банктер және инвесторлар МЖӘ механизміне төмен қызығұшылық танытып отырғанын байқап отырмыз. Әдістеменің болмауы және жетілдірілмеген нормалар МЖӘ идеясын тежейді. 2019 жылы 272 МЖӘ жобасы жасалды, 2020 жылы жоба саны үш есе төмендеп – 86 жобаны құрады. Бұл көрсеткіш  пандемия жағдлайында МЖӘ жобаларын іске асырудағы практикалық тәжірибе МЖӘ механизмдерді қолдануды дамыту мен ынталандыруға жүйелі тәсілдеме жасауды талап ететінін дәлелдейді», – деді Аманжан Жамалов.

Депутат МЖӘ мәселелері бойынша заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының қызметін жаңартуда қажеттідік барын атап өтті.

Мейіржан Юсупов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатқанын айтты. Заң жобасында ҚР ҰЭМ өтелуі мүмкін емес өмірлік қызмет объектілерін сатылған кезде ғана жеке әріптестің шығындарын толық өтеуді ұсынды.

 «Жоба өтелмейтінін білсе, мұндай жобалар қай инвесторға қызықты болады?» – деді Аманжан Жамалов.

Инвестор-құрылысшының өкілі Асхат Омаров МЖӘ механизмі бойынша мектеп салуда компания бірқатар мәселеге тап болғанын айтты.

«Бірінші кезекте біз инвестициялар мектептегі қажеттілікті жаппайтынын көрдік, ал құрылыс көп жағдайда ескірген сәулет принциптері мен нормалары бойынша, қажетті  білім беру жабдықтардың ең төмен жабдықтылуымен жүргізіледі, бұл заманауи стандарттарға сай келмейді. Жобаны әзірлеуде біз құрылысшылармен емес, мұғалімдермен сөйлестік, осылайша біз балалардың талантын аша түсу үшін олардың талап-тілегін білуге тырыстық. Инженерлік шешімдерді қалыптастыруда біз керек-жарақ, жиһаз 5 жыл пайдаға жарауы керектігін есептейміз, сондықтан келесі жылы-ақ бүлініп қалатын арзан парталар немесе жабдықты алуды құптамаймыз», – деді кәсіпкер.  

 Мектепті басқарудағы Smart шешімдер балалардың сабаққа келуін, оқу процесін, сабақ кестесін, төлемдерді, медициналық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді.

 Білім беру министрлігінің тапсырысы бойынша компания Қазақстан бойынша бір мезгілде  50 заманауи мектеп құрылысы бойынша жобаны таныстырды. Министрліктің ақпаратына сүйенсек, қалыпты мектепте материалдық-техникалық жабдықталуға жалпы құннан 4-5 пайыз жұмсалады, Назарбаев зияткерлік мектептерде – 20%, ұсынылған мектептерде – жабдықтың өзіне ғана 24-25% жұмсалады.

 «Бұл жаңа мектептің моделі, балаларымыз жақсы жағдайда оқуы керек. Жергілікті атқарушы органдардың экономикалық моделі есептелді, олардың көңілінен шығып отыр, міндеттемелер бойынша қауқар жеткілікті. Біз зертханалары, коворкинг орталықтары бар мектептерді салуымыз керек. Біз осындай жобаларды құптаймыз», – деді Бибігүл Асылова.

 «Атамекен» мамандары спорт саласындағы жобаларды саралады, онда келісмшарттардың 70%-тен астамы құрылыссыз пайдалануға берілді, ал жобалардың 24%-ы құрылыс жұмыстарын қамтиды.

 «Негізгі мәселелер халық арасында салауатты өмір салты және жаппай спортты дамыту үшін спорт нысандарының қолжетімсіздігі, өңірлердің қазіргі кездегі спорттық қажеттіліктері туралы ақпараттың жеткіліксіздігі және соның салдарынан спорт саласын дамытуға жергілікті бюджеттерде қаражаттың жетіспеуі», – деді «Атамекен» ҰКП МЖӘ департаментінің директоры Назгүл Ұзалина.

Инвестор Сергей Апенко жан басына қаржыландыру құралын тиімді пайдалану жобаларға инвесторларды тартады деген ойда.  

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева инвесторлардың тап болған қиындықтары шешілмеген базалық проблемаларға байланысты екенін айтты. Негізгі басымдық МЖӘ саласын цифрландыруға,  үлгілік қаржы моделдерін әзірлеуге және «Қазақстан МЖӘ орталығы» трансформациялауға берілуі тиіс.

 «Қазорталық» сараптама бойынша функцияны орындап қойды. МЖӘ жобаларын сараптамасын қаржыландыратын тарап, мәселен ҚР Даму банкі іске асыруы керек. Орталықтың жаңа функционалы өңірлерді рейтингілеу, «білім базасын» толтыру, тәжірибені тарату болуы керек», – деді Юлия Якупбаева.

 «Әркез ұқсас жобаларды әзірлеуден бастаудың мәні жоқ. Біз өз алаңымызда бір жыл бойы үлгілік қаржылық жобаларды жасап келеміз, бірақ дұрысы Қазорталықпен бірге жұмыс істеу, «пакеттік» шешімдерді тарату дұрыс. Бір жағынан (жобалар өтімді болуы үшін) мемлекеттік мүдде, екінші жағынан жеке сектормен теңгерім қажет, сонда ғана барлық ашық бәрі түсінікті болады», – деді Юлия Якупбаева.

Кеңес төрағасы жеке әріптестердің талап-тілегі ескерусіз қалатынын, ал ҚР ҰЭМ МЖӘ трендтерін дамытуда қалыс қалып жатқанын атап өтті.

 «Өкінішке қарай, бизнес-қоғамдастық жыл басында білдірген ұсыныстары қабылданбады. Сол ұсыныстарды қайта көтеруді ұсынамын, өйткені мәселелер көп. Әзірге заң жобасының мазмұнындағы нормалар мәселелерді шешпейді, қайта санын көбейтеді», – деп қорытындылады Аманжан Жамалов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер