«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

29 қазанда «Атамекен» ҚР ҰКП VII Съезі өтеді

2020 жылғы 27 Қазан
5346 просмотров

2020 жыл 29 қазанда «Атамекен» ҚР ҰКП VІІ Съезі өтеді. 

Съезге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестерінің мүшелері, салалық қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысады. 

ҰКП  Съезі алғаш рет онлайн форматта өтеді, жаңалықтар «Атамекен» ҚР ҰКП-ның  facebook-тегі ресми парақшасында жарияланады. 
Кездесудің күн тәртібінде коронавирус пандемиясы салдарынан карантин кезеңінде бизнес тап болған  мәселелер, сондай-ақ кезекті локдаунды алдын алу бойынша шаралар талқыланады. 

Съезд барысында бірқатар мәселелер, соның ішінде Ұлттық палата қызметі туралы жыл сайынғы есеп, орта мерзімді кезеңге жоспарлар және цифрлық экожүйені дамыту жөніндегі жоспарлар қаралады деп күтілуде.

Іс-шараның басталуы: 29 қазан, 14:15-да (Нұр-Сұлтан уақыты)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер