«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бизнеске қалай әсер етеді?

2020 жылғы 30 Маусым
8097 просмотров

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сотта азаматтар мен мемлекеттің тең құқығана бағытталған жаңа кодекске қол қойды

Кодекс бизнеске не ұсына алады:  

 - тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалар) құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік органдардың заңсын әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз ету.

- әкімшілік әділет органында шағымды қарау нәтижесіне шағымдану. Бұл сот органдарының процесті жүргізудің түбегейді жаңа әдісі.

-соттың белсенді рөлі – әкімшілік процестің азаматтық процестен маңызды айырмашылығының бірі. Сот дәлелдерді жинау бойынша бастаманы көтереді, барлық қажетті құжаттарды арыз берушіден емес,  мемлекеттік органдардан талап ету мүмкіндігіне ие болады.  

-дәлелдеу жүктемесі әкімшілік актіні қабылдайтын әкімшілік органға салынады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі  «әкімшілік орган» түсінігін бекітті, оған мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатар құрамына әкімшілік актіні қабылдауға, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) жасауға уәкілеттік берілген мемлекеттік заңды тұлғалар, басқа ұйымдар кіретін болады. Осылайша сотта әкімшілік орган немесе өкілетті тұлға жауап беруші болады.

 Кәсіпкерлік субъектілері үшін маңызды жаңашылдықтардың бірі – әкімшілік актіде байланысты бір сот өндрісінде – арнайы аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотта әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) байланысты жауапкерден келтірілген залалды өтеуді талап ету мүмкіндігі.

Сонымен қатар кодекс егер берілген әкімшілік актімен келіспеу жағдайында жоғары тұрған әкімшілік органға шағым түсіруді қарастырады. Осы ретте әкімшілік органда немесе өкілетті тұлғада егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекетті жасаса, шағымды жоғары тұрған органға жібермеу мүмкіндігі бар.

 Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер