«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Астана-Көгаландыру құрылысы» акционерлік қоғамын қайта құру

04 Сәуір 2019
972 просмотров

Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында  «Астана-Көгаландыру құрылысы» акционерлік қоғамын ұйымдастыру-құқықтық формаға – жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта құру туралы сұратым жарияланды

Орналасқан жері – Нұр-Сұлтан қаласы.

Қызмет ету ауқымы: Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-территориялық шекарасы шеңберінде.

 Құрылтайшысы (акционер) және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тарапынан  оған қатысты «Astana» ӘКК АҚ құқық субъектісі функциясын жүзеге асырушы орган

 Жоспарланған қызмет атқарудың түрлері:

1) Көпшілік қолданатын жасыл көшеттер объектілері  ( саябақтар, аулалар, алаңдар, гүлзарлар, көшелер, кірмелі трассалар), шағын сәулет формалар, абаттандыру элементтері, ескерткіштер, бұрқақатар  құрылысын жүргізу және күту;

2) декоративті ағаш-бұталар және гүлдер мәдениеті материалын отырғызуды жүзеге асыру, территорияны көгалдандыру және абаттандыру бойынша ақылы қызмет көрсету;

3) дизенфекциялық жұмыстарды жүзеге асыру: жасыл желектерді зиянкестер және аурулардан залалсыздандыру, тұрғындарды шыбын-шіркей және басқа да қауіпті жәндіктерден қорғау;

4) көпшілік қолданатын жерлерді (саябақтар, аулалар, алаңдар, гүлзарлар, көшелер, мұз айдындары) жинау, сахналар, мінберлер, қазақ үйлер, мұз айдындарын орналастыру.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер