astana-view

Кемпіртас

Павлодар облысы

Ұлттық парктегі ең танымал тас – Кемпір тас. Оған байланысты аңыздар көп. Соның біріне тоқталайық.  Баяғыда  жергілікті тұрғындар ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл жылқылардың бағасы қымбат болып, оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетеді. Себебі, бұл жылқылар жүгірген аңға, ұшқан құсқа жеткізбейтін жүйрік болаын. Алайда, күзеттің мықтылығына қарамастан жылқылар біртіндеп жоғала береді. Түнде күзет қойылса да, бәрі ұры келгенше ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан ұйқыны жеңген (ұйықтамау үшін әдейі қолын кескен) біреуі табылады. Түн ортасында жер айырылып, содан түрі қорқынышты үлкен кемпір шығады да жылқылардың ең семізін таңдап, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас жігіт көргенін ақсақалдарға айтып, көбірек қару жинап, халқын сиқыршыдан құтқаруға бел байлайды. Жігіт мыстанмен түні бойы алысып, әбден шаршайды, кемпір де әлсірейді, өйткені таң білінісімен күші қайтатын. Күн арқан бойы көтерілген кезде кемпір жердің астына түсіп үлгермейді де, күн шапағы жердің жігін жауып, мыстанның басын тасқа айналдырады. Үлкендердің айтуынша, жер бетінде жаманшылық көбейсе, ол тірілетін көрінеді, сондықтан тасқа тек ақ ниетпен келу керек.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер