Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

О нас
Рус

Асан қайғы: аңыз бен ақиқат

Атырауская область
Еліміздің болашағы үшін өлшеусіз қызмет еткен ұлы бабаларымыздың бірі – Асан Сәбитұлы. Ауыз әдебиетіндегі бізге жеткен жыр-шумақтардан бабамыздың нақты біздің аймақтарда да өмір сүргенін байқаймыз. Есімі аңызға айналған айтулы тұлға Асан қайғы Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді. Бір қызығы, «Алшын Асан сопы», «Асан би» атанған тарихи тұлға Алтын орда хандарының бірі Ұлығ Мұхамедке сөзін өткізетін билердің бірі болғандығы тарихи деректерде анық айтылады. 1420 жылы Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуы-лып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тарт-қанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған екен. Асан қайғы төңірегіндегі аңыздар ішіндегі ең тан-даулысы – Асан қайғының Жерұйықты іздеуі жайлы аңыз. Асан қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттан-байды, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты – «Жерұйық». Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге тиісті баға беріп отырады. Ақыры Жерұйықты таба алмай, өксіп дүние кешеді...

Партнеры