«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

2015 жылдың 20 шілдесіне дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілерінен 222 өтініш келіп түсіп (Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап), 181 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Түскен өтініштер Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларымен зерделеніп, шешімдер қабылданады. Ал күрмеуі қиын мәселелер Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде қаралады. Мұнымен қоса, құқықтық көмек керек кәсіпкерлерге арналып уәкілетті орган немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қатыстыра отырып қабылдау өткізіледі.

Арыздардың 43-і немесе 19 пайызы жер қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты.

Соның ішінде ерекше тоқталатын жайт: Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен мақсатсыз пайдаланды деген желеумен 128 кәсіпкердің жерін алып қою туралы қаулының күшін жоюға қол жеткізілді.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі – кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқығын қорғау және мүдделерін білдіруде жедел шешім қабылдау мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.

         Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бері Кеңестің 7 отырысы өткізілді. Кеңесте 22 мәселе қаралып, ұзақ уақыттан бері шешуді қажет етіп келе жатқан 30 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

          Кеңесте қаралған мәселелер бойынша Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және облыстық прокуратурамен бірге қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері сот процестеріне қатысып, кәсіпкерлердің мүддесін қорғауда.

         Бүгінгі күнге дейін Палатаның қызметкерлері 30 сот процесіне қатысып, кәсіпкерлердің мүддесін қорғады. Нәтижесінде сот процесінің 80 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, бизнес өкілдері 700 млн.теңгеге жуық қаржысын сақтап қала алды.

         Соның ішінде:

         - «Кеден Сервис» ЖШС-не кеден органдарымен 350 млн.теңгеге берілген ескерту хабарламасының күші жойылды;

         - «Асар» және «Сарыбұлақ» ЖШС-тері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының табиғи газды тұтынғаны үшін ұсынған шоты  1,5 млн.теңге мен 71,9 млн.теңгеге азайтылды;

         - «Талғат» базары кәсіпкерлерінің орынды жалға алу құны 40 мың теңгеден 30 мың теңгеге төмендетілді;

                 - соттың шешімі арқылы «Кернеу СМ» ЖШС-не 12 млн.теңге көлеміндегі сақтандыру төлемін бөліп төлеуге мүмкіндік берілді;

         - «Дана-СК» ЖШС-нің банкке мүліктік кепіл ретінде қойылған нарықтық бағасы 200 млн.теңге тұратын өндірістік базасы өзінде қалды;

         - Жаңақорған ауданындағы жалпы құны 200 млн.теңге тұратын орталық базар қайта жұмыс жасады және т.б.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер