«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кеңестің тиімді жұмысы

2018 жылғы 06 Қараша
- Қызылорда облысы
2864 просмотров

ӨКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Кеңес төрағасы Ерлан Қожанов  аталған жиынның маңыздылығын атап өтті

Кеңестің осы кезге дейінгі көшпелі отырысы Шиелі ауданында өткен болатын. Көшпелі отырыс өткізуге шиелілік кәсіпкерлерден түскен шағым себеп болды.

 Атап айтқанда, Шиелі ауданы бойынша кірістер басқармасының  жылдың қаржылық айналым көлемін 2,1 млн. теңгеден негізсіз арттыру жөнінде талабына  кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары қаралды.

 «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қожанов бұл мәселеге қатысты: «Кәсіпкерлердің шағымында көрсетілген деректер  дәлелін тауып, шын мәнінде аудандық кірістер бөлімі қызметкерлері тарапынан салық базасын ұлғайтуда базардағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық айналымдарын көбейтіп, қайтадан декларация тапсыру туралы талаптары болғаны анықталды. Кеңес шешімімен  облыстық кірістер департаментіне және Шиелі аудандық прокуратурасына хат жолданып, тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің өтініштері қанағаттандырылды», – деді.

 Кеңесте қаралған келесі мәселе Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің әрекетсіздігіне және жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер туралы осы ауданның тұрғыны Ғафур Байдеудің өтініші.

 Бұл мәселеде де кәсіпкерге мал жайылымға тиісті жер берілмей, соңғының 2 жыл көлемінде әуре-сарсаңға түскені анықталды. Осыған байланысты, Кеңеске қатысқан аудан әкімі аудандық жер қатынастары тарапынан болған кедергілерді растап, Ғафур Байдеуге сұраған жер телімін алуға тиісті көмегін жасады.

«Өз хабарламасында Ерлан Қожанов: «Бүгінде аталған кәсіпкер  жайылымдыққа 600 гектер жер алып, шаруасы алға басуда. Сонымен қатар, 200 га жер алу үшін  аукционға түсіп,  қосымша жер алуға тағыда талаптанып жатыр. Бұл шын мәнінде Кеңестің нәтижелі жұмыстары  деп атауға толық негіз», – дейді.

 Айта кету керек, 2018 жылы кеңестің 6 отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралды. Бүгінгі күнге олардың 8-і оң шешімін тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер