«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде жаңа төраға

2018 жылғы 15 Тамыз
- Қызылорда облысы
3942 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде жаңа төраға.

Кеңестің жаңа төрағасы болып Қожанов Ерлан Өмірбекұлы тағайындалды.

Ерлан Өмірбекұлы 1969 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1992 ж.).

26 жыл прокуратура органдарында қызмет еткен. Атап айтқанда, еңбек жолын Көлік прокуратурасында тағылымдамадан өтуші болып бастап, әр жылдары Көлік прокуратурасында, облыстық прокуратурада тергеуші, аға тергеуші, прокурор, аға прокурор, бөлім басшысы, Жаңақорған ауданының прокуроры, басқарма басшысы қызметтерін абыроймен атқарған. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Отбасылы.  

Айта кету керек, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу мақсатында құрылған.

         Кеңестің негізгі міндеттері:

- кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;

- мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру т.б.

Кеңес құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, бизнес және БАҚ өкілдері енгізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер