«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдастардың қамқорлығы үшін

2018 жылғы 20 Шілде
- Атырау облысы
8101 просмотров

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы кәсіпкер Сәбит Смағұлов ауылдастарды жеңілдетілген тарифпен тасымалдайды

Кәсіпкер 90-жылдардан бері жолаушы тасымалдаумен айналысады. Осы уақыт аралығында бірнеше көлікті айырбастап үлгерген. Алайда бір ғана ұстанымнан тайқымаған – оның қызмет көрсетудегі тарифі өзгелерге қарағанда әлдеқайда төмен.

«Жолаушы тасымалдау – тұрақты табыс көзі. Бұл көп те емес, бірақ тұрақты. Ауылдастардан көп ақша талап ете алмаймын. Олардың шамасы келетін сомаға жеткізгім келеді. Бұрындары жеңіл автокөлігім болған, қазір «Бизнес-Кеңесші» жобасы арқылы жеңілдетілген шартпен микроавтобус алдым. Тасымалдаудағы тарифті сақтай отырып шығынды өтей аламын деген ойдамын», – дейді Сәбит Смағұлов.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының кеңес беруші мамандары былтыр кәсіпкерге «Бизнес–Кеңесші» курсына қатысуға ұсыныс білдірген. Сол арқылы білім алғандар үшін жеңілдетілген несие берілетінін де айтқан. Сәбит Смағұлов оқу аяқталысымен қажетті құжаттарды жинап, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6%-бен 3,5 млн теңге несие алған. Осы қаржығы «Mersedes Sprinter» микроавтобусын сатып алған.

Бүгінде кәсіпкер «Миялы ауылы – Сағыз ауылы» бағыты бойынша жолаушы тасымалдаумен айналысады. Ара қашықтығы 100 км асады. Егер басқа тасымалдаушыларда бір бағыттағы жолақысы 1500 теңге болса, «Смағұлов С.» жеке кәсіпкерлігінде 1000 теңге, қайтар жолы – 500 теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер