«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында жаңа басшысы

2018 жылғы 20 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
13400 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен, Өңірлік кеңестің келісімімен Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының басшылығына Дархан Қалиев  тағайындалды.

Дархан Қалиев 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Тынық мұхиты ақпараттық технологиялар университетін (Малайзия) «Халықаралық бизнес менеджементі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2013 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қаржы менеджменті мамандығын аяқтаған. Жұмыс тәжірибесі – 6 жыл. Еңбек жолын «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасында бастаған, 2012-2013 жылдары сарапшы, одан кейін директор орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылдың қарашасынан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымында еңбек етеді. Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінде екінші, одан кейін бірінші санаттағы сарапшы қызметін атқарған.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне жаңа директорды таныстырған Кеңес төрағасы Владимир Богданов Дархан Қалиевке жаңа лауазымдық қызметте сәттілік тілеп, өңірде кәсіпкерлік ортаның дамуына және бизнес ахуалдық жақсаруына әсер ететін басты міндеттерді атады. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Олжас Қаржауов та қолдау білдірді.

«Сіздердің алдарыңызда жергілікті билік пен бизнес арасында көпір қызметін атқару және қазіргі таңда өңірде орын алған барлық мәселені көрсету міндеті тұр», ­- деп тұжырымдады Олжас Қаржауов.

Өз кезегінде Палатаның жаңа басшысы Өңірлік кеңес пен Ұлттық палата Басқармасына жүктелген сенім үшін алғыс білдіріп, өңірдегі бизнес-қоғамдастықтық өкілдерінің үмітін ақтауға және Палатаның басты миссиясын жүзеге асыруға өз үлесін қосуға бар күшін салатынан айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер