«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО Іскери әйелдері жұмыс жоспарын анықтады

2018 жылғы 18 Қаңтар
- Шымкент қаласы
10095 просмотров

Оңтүстік Қазақстан обылысының іскер әйелдері бизнестегі даулы мәселелерге қарамастан табысты дамуда. Іскер әйелдер қауымдастығы жиналып, жұмыс жоспары мен өзекті мәселелерді талқылады.

Оңтүстік Қазақстан обылыс Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаеваның айтуынша өткен жыл Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкер әйелдер үшін жемісті, жаңалықтарға толы жыл болды. Маңызды форумдар, көрмелер, қайырымдылық акциялары өтті. Жылдың басты жетістігі - жеке бизнеспен айналысатын әйелдердің коммерциялық жобаларын насихаттаудағы Кеңестің көмегі. Осы мақсатта әйелдерге құқықтық, әкімшілік жағдайлар жасалып, бизнес жүргізуде көмектесетін жаңа қаржы құралдары жасалды.

Атқарылған жұмысты айтатын болсақ, барлық деңгейдегі әкімдермен жеке кездесулер, өткен жылы пайда болған әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған микрокредиттеу бағдарламасы және Еуропалық қайта құру және даму банкінің кәсіпкерлікті қолдауы. Өз кезегінде кәсіпкерлер «Бастау Бизнес»  жобасына белсенді атсалысып, қолдауларын білдіруде.

Байқалғаны жыл өткен сайын әйердердің бизнеске деген ұмтылысы артып келеді. Егер 2016 жылы кәсіпкер әйелдердің саны жалпы кәсіпкерлердің 30%-ын құраса, былтыр олардың үлесі 45%-ға жетті. Әйел басшылардың саны бойынша (76 623 адам) Алматыдан кейін ОҚО екінші орында естеріңізге сала кеткен жөн.

«Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда Оңтүстік Қазақстан обылысының іскер әйелдердің көп көңіл бөледі. Соңғы жылдары мемлекет экономиканың осы секторын дамыту үшін жаңа, әлдеқайда қолайлы жағдайлар жасайтын заңдарды, нормативтік актілерді, бағдарламалар мен басқа да құжаттарды қабылдады. Басты мақсатымыз осы құралдарды шебер пайдалану», – деп атап өтті Кеңес төрайымы.

Дегенмен, салада даулы мәселелер баршылық екендігі кездесу барысында айтылды.

«Басты мәселелер: қаржыландырудың аздығы, несиенің қолжетімсіздігі, бизнестің құзыреттілігінің жеткіліксіздігі. Негізінде, аталған мәселелер ерлер мен әйелдер үшін тең дәрежеде. Бірақ, өмір көрсеткендей несие ұйымдарынан, әлеуетті инвесторлар тарапынан, әйелдерге деген көзқарастар еркектерге қарағанда көбірек шектеулі көрінеді. Бұл өңірдің өзіндік ерекшелігі, қолдан келер шара жоқ. Патриархаттың көріністері болғанымен, бірте-бірте жоғалып кетеді, себебі  әйел адамдар бизнесте ерлерден кем емес екенін дәлелдеді. Дегенмен, бұл көзқарастар айтарлықтай сезіліп отыр», - деді кәсіпкерлердің бірі.

Іскер әйелдердің айтуынша бизнеске жаңадан келген және өз кәсібін енді бастаған кәсіпкер әйелдерге преференциялардың маңызы өте зор. Тәжірибесі бар кәсіпкерлер де, жаңадан ісін бастаған кәсіпкер әйелдер де көбірек біліп,  қаржылық, ақпараттық және кеңес алу көмектерін одан әрі жалғастыру қажеттігі бар екендігі белгілі болды.

«Бүгінде әйелдер бизнесінің көп үлесі сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласына бағытталған. Ал қаржы институттары бизнестің осындай түрлеріне несие беруге қызығушылық танытпайды. Осы жағдайды шешуді қалаймыз», - дейді кәсіпкер әйелдер.

Сондай-ақ, өндірістік саладағы әйелдер бизнесінің үлесі әлі де төмен екендігі айтылды. Жоғары технологиялық өндірістерде инновациялық өнімдерді шығару көрсеткіші төмен. Диспропорцияны еңсеру керек.

Бизнесте тәжірибесі бар әйелдер ісін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдап, арнайы семинарлар мен мастер кластар өткізуге дайын екендіктерін айтты.

Сондай-ақ келешекке арналған жоспарлар туралы әңгіме қозғалып,  негізгі қызмет бағыттары анықталды. Өткен жылы өткізілген форумдар жақсы нәтиже бергендіктен облыс, аудандарда іскери әйелдер форумын өткізу жоспарланды. Мысалы, Созақ ауданының облыс орталығында өткізілген әйелдер кәсіпкерлігінің форумы ауылдық әйелдердің бизнес ашуға ұмтылысын тудырғандығы белгілі.

Палата директоры Асқар Әбубәкіров ауылдың  кәсіпкер әйелдеріне кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізіп,  жастардың бизнеске деген қызығушылықтарын оятуға шықырды.

Кездесудің нәтижесінде қатысушылар іскери әйелдерді қолдауды жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты шараларды белгіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер