«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Білімді мыңды жығар

2017 жылғы 16 Қараша
- Қызылорда облысы
3629 просмотров

Қызылордада 400 ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер біліктілігін көтерді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Біліктілік орталығы» ЖШС-і республикамыздың барлық өңірлерінде «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің  тауарлы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін басқару негіздері» тақырыбында оқыту семинарлары өткізуде.

Мұндай шара Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыс бойынша 7 аудан мен Қызылорда қаласы аумағында өткізілді.

Семинарларға ауыл шаруашылығы кооперативтерінің төрағалары мен мүшелері, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары,  ветеринария  бөлімдерінің  және мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары қатысты.

Семинар барысында АШК құрудың құқықтық негіздері мен жұмыс жүргізуі, кооператив қызметінің экономикалық тиімділігі,  салық салу жүйесі бойынша қызметін жүргізу ерекшеліктері, мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.

Шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова: «Семинарда дәрісті Біліктілік орталығының сарапшылары Нұрадин Әлібаев пен Айтуған Шәріпұлы және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Дәулет Ғаниев жүргізді. Семинар қорытындысымен 400 тыңдаушыға арнайы сертификаттар берілді. Мұндай шаралар ауыл адамдары үшін сала мамандарының өздері келіп, оқытуымен құнды. Себебі, жасыратыны жоқ, ауыл шаруашылығы саласының мамандары біліктілігін көтеру үшін арнайы барып оқи бермейді, әрі кететін қаржы да қомақты болмақ. Ал бұл семинарлар тегін», - дейді.

 Жалпы ауыл шаруашылығы саласына қатысты сауалдарыңы болса Кәсіпкерлер палатасының жауапты маманы Пірманова Алмаға хабарласуларыңызға болады. Тел.: 8 /7242/ 40-09-81.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер